Иранда 1501 жылы Исмаил І шахтың билікке келуімен Сефеви әулеті орнады.
Бұл әулет Иранда 1501 жылдан 1722 жылға дейін билік құрды. Кейбір Сефеви әулетінің өкілдері өздерін 1773 жылға дейін шах деп қабылдап отырды.
Жаңа замандағы Иранның экономикалық және мәдени өрлеуі осы Сефеви әулетімен байланысты болды.
Сефеви әулеті кезінде Ирандықтар алғаш рет Еуропалықтармен байланыс орната бастады.
Иранда Сефеви әулетінің билік құруымен құрылыста Сефевидтік стильді қалыптасты.
Осы Сефевидтік стильдік көрнекті үлгісі есебінде Исфахан қаласында орналасқан ІІ Аббас шах салдырған "Чехиль-сутун" сарайын айтуға болады.
7 гектар жерді алып жатқан бұл нысан ІІ Аббас шах тұсындай ресми шахтың сарайы саналған. Нысанның басты ерекшелігі бағаналардың болуы. Чехиль-сутун атауы парсыша - қырық бағана деген мағына береді. Сарай бағаналардан бөлек керамикалық өрнектермен безендірілген. Сарай қабырғаларында Иран тарихындағы айтулы тарихи оқиғалар баяндалған фрескалар көрсетілген.
Осы сарай XVIII ғасырдың аяғында Ауғанстан әмірі Дурраниге аттас сарай салдыруға себепкер болды. Кабул қаласында орналасқан Чехиль-сутун сарайында да бағаналар бар.
ІІ Аббас салдырған "Чехиль-сутун" сарайы XVII ғасырдағы Еуропалық саяхатшылар мен елшілердің жазбаларында жиі кездеседі. Бұған себеп Еуропалық шах аудиенциясында жиі қабылданып, басты сарайды өз жазбаларында жиі айтып отырған
Сурет ғаламтордан алынды