Әрбір халықтың тарихында өзіндік ұмытылмас, ұлттың айбынын асыратын шайқастар бар.
Мысалы: гректердің б.з.б. 480 жылы Фермопиль шайқасында парсыларға қарсы 300 жауынгермен қарсы тұруы, 1449 жылы ойраттардың 20 мың әскердің Қытайдың 500 мың әскерін жеңген Туму шайқасы. 1121 жылы Дидгор қойнауында грузиндер мен қыпшақтардың 50 мың қолы 100 мың селжүк әскерін талқандаған. Осы атақтышайқастардың қатарынан өзіндік орын алатын Қазақ сұлтаны Жәңгірдің 600 сарбазмен Жоңғар әскерін жеңген Орбұлақ шайқасы.
Орбұлақ шайқасының болғаны жайлы күдік көп болғанымен Ресейлік және жоңғар деректері бұл шайқастың болғандығын дәлелдейді.
1. Ойрат жазбасының негізін салушы Жоңғар пірәдары, тарихшы Зая Пандитаның "Ай шапағаты, нұры" еңбегі.
2. Жоңғар мемлекетінің саяхаттап барған орыс елшілерінің жазбалары
3. Сібір генерал-губернаторына мәлімет беруші Ресей империясының әскерилерінің мәліметтері.
4. И. Э. Фишердің 1774 жылы жарыққа шыққан "Сібір тарихы" еңбегі.
5. А. И. Левшиннің 1832 жылы шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы" еңбегі
Аталмыш деректер бірауыздан қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шайқасы 1643 жылы болды. Қазақтар тарапынан сұлтан Жәңгір жоңғар тарапынан Батыр қонтайшы басқарды. Қазақтар жоңғарларды шатқалға әдейі әкелді. Бұл шайқаста қазақтар отты қару мылтық қолданды, қазақтар шатқалға қамап, оқ пана қазды дейді. Әрине, деректерде жоңғар тарапының әскері 10 мыңнан 50 мыңға дейін аталады.
Бұл шайқастың әлемдік және қазақ тарихында қандай орны бар десек
Әлемдік деңгейде
1. Шағын әскер - үлкен әскерді талқандауы.
2. Көшпелілердің оқпана яғни окоп қазып соғысуы.
Қазақ тарихында
- Жоңғарларды жеңген алғашқы шайқастардың бірі.
- Қазақтардың мылтықты шайқас барысында кәсіби түрде қолдануы.
Бұл шайқас тарихи мәліметтерде нақты айтылғанымен ғалымдар арасында шайқас болған жер жайлы екі нұсқа бар. Бірі Жетісу жеріндегі Орбұлақты айтса, екіншілері - Сырдария бойын көрсетеді.
Ресей империясының тарихшысы, қытайтанушы шіркеу қызметкері Ианиф (Бичурин) бұл шайқасты өмірде болмаған, қиялдан құрастырылған ертегі деп қабылдаған.
Қазіргі күнде де бұл шайқастың болғандығына күдік келтіретіндер XVII ғасырда қазылған окпаналарды іздеп Орбұлақ жерін бір аралап қайтқаны бар. 4 ғасыр бұрын қазылған окпана сақталмайтындығы анық.
Жоңғар деректерінің өзінде жазылған шайқасты әліде дәріптеуді қажет етеді
Сурет ғаламтордан алынды