1256 жылы моңғолдардың Таяу Шығысқа бағытталған жорықтары жанама түрде "сары крест жорықтары" деп аталатындығы белгілі. Осы жорықтың нәтижесінде мұсылман әлемінің рухани ордасы саналған Араб халифатының саяси орталығы саналған Бағдат қаласы құлады. Бұл жорық ислам әлемімен араб халықтарына елеулі түрде әсер етті. Моңғол жорығы Бағдат қаласының халқын қырып, кітапханасын жағып, Араб халифатының жойылуына әсер етті. Жорықтың әсері көп жылға дейін ислам дінінің қанат жаюына тоқтатып тастады. Алайда моңғолдық ұлыс негізінде құрылған мемлекет билеушілерінің ислам дінін қабылдауды жағдайды біртіндеп өзгерте бастады. Моңғолдық ұлысты басқарушылар жерсініп - жергілікті өз жағына тартып, үздіксіз соғыс жағдайында өздерін жергілікті халықтан бөтен ұстамау үшін ислам дінін қабылдай бастады. Бұл Алтын Орда, Шағатай мемлекетінің, Ильхан мемлекетінің билеушілеріне халықты өз жағына тартуға көмектесті. Анадолы аймағында түркі-селжүктерінің мемлекеттерінің қайта құрылуыда жағдайға өзгеріс еңгізді. 130
Шығыста XIV ғасырдағы ислам өркениетінің қайта өрлеуі
18 апреля 202418 апр 2024
3
1 мин