XVI ғасырда Германия жеріндегі Рим папасының экономикалық қыспағына қарсы діни бұқаралық қозғалыстардың көсемдері саналған Мартин Лютердің, Жан Кальвиннің және Томас Мюнцердің әлеуметтік көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы болды. Бұлай қарама-қайшы болуы өскен ортасы мен қолдаушыларының әрқилы әлеуметтік таптар мен топтар болуынан еді.
Реформациялық қозғалыстың басында тұрған Мартин Лютерді дворяндар мен ірі феодалдық топтар қолдады. Олар шіркеуге түсетін қаржыға бақылап, басқарушы топтың әсерімен қоғамның қажеттілігіне жұмсағысы келді.
Лютер жақтаушылары - христиан дінінің қасиетті кітабын "Інжілді" неміс тіліне аударып, неміс тілінде уағыз айтуды қолдады. Дін өкілдеріне қасиеттілік телуге қарсы шықты. Байлықтың астамшылдығын айыптап, өсімқорлықты құптамады. Кедейшілікті айыптады. Кедейшілікке түскен адамдардың әрекетіне өздері жауапты деді. Қайыршыланып қол жаюға қарсы шықты.
Бірақ шіркеу төңірегіне біріккен азаматтардың әлеуметтік мәселесін ортақтасып шешуді құптады.
Ал Жан Кальвин Лютерден қарағанда қаржылық өсімқорлықты құптаған діни қызметкер болды. Кальвинистер ақша арқылы пайда тауып, қоғам ізгіліне жұмсауды насихаттады. Еңбекке жарамды адамдар - еңбек етуі міндетті деп есептеді. Яғни, жалқаулықты құптамады.
Кальвинистер Лютерандықтарға қарағанда тым қарапайым және діни ережелерді сақтауға қаттырақ болды.
Мартин Лютер мен Жан Кальвиннің көзқарастарына - Томас Мюнцердің көзқарастары мүлде қайшы болды.
Томас Мюнцер - әлеуметтік теңестіруді құптап, байлардың, дворяндардың, феодалдардың иеліктерін шаруалардың мүддесіне сай тәркіленуін құптап, тіпті жүзеге асырды. Шіркеу қаржысының дворяндардың, феодалдың ықпалында болуын айыптады
Сурет ғаламтордан алынды