Найти в Дзене

Мақтымқұлы Фраги - түркімен әдебиетінің негізін салушы

Осыдан 300 жыл бұрын Түркімен жерінде шығыс әдебиетінің классиктерінің Мақтымқұлы Фраги дүниеге келген болатын. Осы қазіргі түркімен әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын. Әрине, оған дейінде ақындар болған. Оның әкесі Дәулетмамед Азади ақын, Хиуа ханының сарайында қызмет еткен. Дәулетмамад Азади ақын бүкіл Хиуа хандығына танымал ақын болған.

Ол кезде түркімен жерінің бір бөлігі - Хиуа хандығына қарасты болған.

Мақтымқұлы Фраги - Хиуа хандығындағы Шерғазы, Бұхара әмірлігіндегі Көкілташ медреселерінде оқыған. Шығыс әдебиетінің классиктері саналған Әлішер Науаи, Сағди, Фирдауси, Низами шығармаларымен таныс болған.

Фраги - оның шығармашылық әдеби есімі. Фраги атауы жайлы көптеген нұсқалар бар. Нақтылыққа жақыны бөлініп қалған, аластатылған дегенге сәйкес келеді. Фраги атауын - жеңімпаз немесе аңыздық пырақ жануарымен байланыстыратындарда бар.

Пырақ - ислам діні тылсым бейнедегі жануар. Мұхаммед пайғамдарды миғраж түні жеті қабат аспанға Алла тағалаға тілдесуге апарған жануар.

Жебеуші дегенге келеді.

Фраги әдеби есімінің қайдан шыққан белгісіз. Бірақ жорамалдар көп.

Мақтымқұлы Фрагидің алдында да түркімен танымал ақындар болған. Оған әкесі Дәулетмамед Азади мысал. Дегенімен, Мақтымқұлы Фрагидің түркімен халқының тарихында алатын орны ерекше.

Оны, түркімен халқы ұлттық әдебиеттің негізін салушы деп қабылдайды.

Себебі, Мақтымқұлы Фрагидің бірнеше жанрды алып жүрген.

Оның шығармашылығынан

  • лирикалық поэзияны,
  • фәлсапалық ойларды,
  • моральдық құндылықтарды,
  • ұлтты бірігуге шақырған ұрандарды,
  • батырлық жырларды,
  • соғыс тақырыбындағы оқиғаларды көруге болады,
  • Сонымен қатар түркімен халқын азаттыққа шағырған "Азаттық насихаты" деген толғауы бар.

Мақтымқұлы Фраги өзінің өлең жырларын тек түркімен тілінде жазған.

Мақтымқұлы Фраги шығармаларын жас ерекшелігіне сәйкес әрбір адам оқи алады

Сурет ғаламтордан алынды