Жоңғар мемлекетінің қалдығы саналатын Моңғолияның Ховд, Увс аймақтарын мекендейтін торғаут халықтарының арасында Жоңғария мемлекетінің соңғы билеушісі Әмірсананы әлі күнге екі түрлі қабылдайды. Бір бөлігі ойрат мемлекетінің соңғы билеушісі, ойрат халықтарының ұлттық батыры деп есептесе екіншілері оны билік үшін таласқа түсіп, қытайлық маньчжур әулетінің әскери әлеуетіне сүйену әрекетімен Жоңғар мемлекетін құлау әрекетіне себепкер болғаны үшін айыптайды.
Моңғолияның Ховд аймағында оған ескерткіш орнатылған.
Осы ойрат халықтары арасында Әмірсананың жерленуі жайлы көп жорамалдар бар.
1. Ресей Империясы оның денесін Қытай тарапына тапсырғанын айтып, буддалық дәстүр бойынша жағылған деп айтады.
2. Әмірсананың қайтыс болған денесі Қытай тарапына тек көрсетілгені, ал Ресей империясында жерлеңгенін айтылады. Оның әйелі Қалмақ хандығынан пана тапқан. Кейін баласы христиан дінін қабылдаған дейді.
Буддалық сенімге берік ойрат тайпалары ХХ ғасырдың басында Алтайда діни Бурханизм аталған шамандық қозғалыс бастағанда, Әмірсана есімін өз мақсатында пайдаланған.
Ал ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Моңғолияның батыс аймағын мекендейтін ойраттар Джа лама діни қызметкердің басшылығымен қаруланған ұлттық қозғалыс бастаған болатын. Бұл қозғалыстың ауыртпалығы 1915 жылы Моңғолияның батысын мекендейтін қазақтарға тигені тарихтан белгілі. Ойраттардың діни қозғалысын бастаған Джа лама өзін Әмірсананың қайта жаңғырған бейнесімін деп таныстырған. Будда сенімі жан өлмей көшіп-қонып жүреді. Джа лама өзіне Әмірсана рухы қонды-мыс таныстырғанда - соған сенген көптеген ойраттардың оның артынан ерген. Моңғолияда Кеңес өкіметі орнаған тұста Джа ламаның авантюристік әрекеті қайғылы аяқталды.
1771 жылы Батыс Қытайға - Еділ бойынан көшуге әрекеттенген Убачи тайшыда өзін Әмірсана мемлекетін қалпына келтіруші есебінде көш бастаған болатын.
Осындай оқиғаларға серпін берген Әмірсана кім болған.
Ол Жоңғар мемлекетін құрған Чоростық әулетінен шыққан Хонтайшылардың туысы бар ханзада болды. Бірақ әке жағынан емес, шеше жағынан (нағашы жағынан). Оның шешесі Жоңғария мемлекетінің билеушісі Цеван Рабданның қызы. Әкесі Хойт тайпасының көсемі.
Өзі Цеван Рабдан мен Қалдан Церен кезінде хонтайшы сарайында қызмет атқарған.
1745 жылы Жоңғария мемлекетінің хонтайшысы Қалдан Церен қайтыс болғанда билікке үш таласқан үш топтың бірін басқарған.
- Давация - Қалдан Цереннің ұлы, шешесі - қырғыз. 1749 жылы бауыры Цеван Доржыдан билікті тартып алған.
- Лама Доржы - Жоңғария мемлекетін құрушы Батыр қонтайшының шөбересі.
- Әмірсана - Цеван Рабданның қызының баласы.
Давацидің билікті басып алуымен - Жоңғарияда билік үшін талас басталды.
Давациге қарсы Лама Доржы мен Әмірсана бірігіп жеңіп, билікке - Лама Доржы отырды. Лама Доржы мен Әмірсана арасы нашарлап соңғысы Қытайдағы Маньчжурлық Цинь әулетінен әскери көмек сұрады.
1722 жылы Қытайдағы маньчжурлық Цинь әулетінің императоры Кансидің қайтыс болуымен Жоңғария мемлекетімен Қытайлық маньчжурлық Цинь империясы арасында 30 жылға бейбіт келісім жасалған болатын.
1755 жылы Қытайлық маньчжурлық Цинь әулетінің императоры Цяньлун Әмірсанаға көмекке әскер жібере отырып, Жоңғарияны бағындыруды тапсырды.
Жоңғарияға еңген Қытай әскері қарсылық көрсеткен және бей-жай отырған жергілікті халықты қыра бастады.
Әмірсана Қытай мемлекетінің қолдауымен билікке отыру әрекеті орындалмай қалды.
Әмірсана Жоңғар мемлекетін сақтап қалу үшін Қытайлықтарға қарсы Қазақтарды шақыра бастады.
Қазақтар мен Қытайлық маньчжурлық Цинь әулетінің арасында соғыс қимылдары басталды.
Қазақтар, Қытайлықтардың Жоңғария мемлекетін жаулап алуына кедергі жасай алмады.
Әмірсана - Қазақтар мен Қытайлықтар арасындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.
- Жоңғария мемлекеті жойылды.
Әмірсана өз өмірін сақтап қалу үшін Ресей империясына қашты. Сол жерде қайтыс болды
Сурет ғаламтордан алынды