Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Қазақша PR

PR- дың сиқырлы әлемі немесе PR деген не?

Сәлем достар! Мен бүгін сіздермен өзім оқып жатқан шығармашылық пен мүмкіндікке толы — PR мамандығы туралы сөйлескім келіп тұр.
Менің бұл салада білім алып жатқан 2 жыл уақытым креативке, мүмкіндіктерге, ғажайып білімге толы қызықты жол болды!
Біздің сабақтарымыз тек дәрістер ғана емес, бұл нағыз шытырман оқиға! Біз тек теорияны зерттеп қана қоймай, оны бірден іс жүзінде қолданамыз. Біз жарнамалық роликтер жасаймыз, қызықты жобалар қорғаймыз, СММ бойынша жұмыс істеуді үйренеміз, тіпті өз блогтарымызды жүргіземіз. Бұл тапсырмалар біздің шығармашылығымызды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар нақты PR әлемінің қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектеседі.
Мен әрқашан бұл мамандыққа түсу қиын деп ойладым, бірақ іс жүзінде бұл әлдеқайда оңай болып шықты! ҰБТ-дан тек екі пәнді тапсырып, шығармашылық емтиханнан сүрінбей өтсеңіз жеткілікті. Шынымен өзіңізге ұнайтын жолды таңдап, арманыңызға қарай алғашқы қадамдарды жасап жатқаныңызды білу керемет сезім!
PR-да оқудың ең ұтымды тұ

Менің университетім
Менің университетім

PR-да оқудың ең ұтымды тұсы-сіз әрқашан сіздің мүмкіндіктеріңіз шектеулі емес екенін білесіз. Бұл мамандық көптеген перспективалар береді-компанияларда, агенттіктерде, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу-қайда барсаңыз да, сіздің дағдыларыңыз әрқашан сұранысқа ие болады.
Егер осы посттан өз арманыңыздағы мамандықты көре алсаңыз бізге қосылыңыз, біз бірге PR сиқырлы әлемін ашамыз, мұнда күн сайын жаңа мүмкіндіктер ашуға және жақсы адам болып қалыптасуға мүмкіндіктер шектеусіз!

Халық Зере
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қоғаммен байланыс PR мамандығы 2- курс студенті