1789 жылы Ұлы Француз революциясымен Францияда бірінен соң бірі алмасқан Революциялық үкіметтер билікке келе бастады. 1792 жылы Ұлттық Құрылтай жиналысы монархиялық басқаруды түпкілікті жойғанымен - халық басқаруымен құрылатын Республикалық басқару жүйесін орнықтыруға оңайға соқпады. 15 жылда Абсолюттік монархия жойылып, оның тірегі саналатын феодалдық жүйеден ештеңе қалмады. Феодалдық жүйенің қыспағынан құтылған - жаңадан құрылып жатқан саяси биліктің тірегі саналатын буржуазия өкілдері табыс, еркін сауда, саяси еркіндік, жеке тұлға бостандығы, сөз еркіндік деген секілді түсініктерді алдыға шығарды. Биліктің жиі ауысып тұруы - түрлі саяси ұйымдарды туғызды. Саяси биліктің жиі ауысып тұруы - экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешілуін артқа ысырып, саяси күштердің бір-бірімен ымыралы және ымырасыз күрес жолын ашты. Отанды қорғау, революцияның жеңістерін қорғап қалу секілді түсініктер - қиын жағдайдан шешім таба білген әскери азаматтарды саяси саханаға әкеле бастады. Директория
Император тәжін киген Наполеон Бонапартты халық қалай қабылдады?
2 апреля 20242 апр 2024
4
2 мин