Найти в Дзене

Ғұндармен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар?

Қытай Халық Республикасының таза қытай яғни хань ұлты қоныстанған аймақпен моңғол және маньчжур халықтары мекендейтін шекаралық аймақта орналасқан бұл кешен құрылысы б.з.б. ІІІ ғасырда Ежелгі Қытайдағы өзара соғысқан патшалықтар дәуірінде басталып, цинь кезеңінде жүйеленіп ортағасырлық минь патшалық кезең дәуіріне дейін салынып келген бұл құрылыс кешені тарихшылардың айтуынша солтүстіктен қауіп төнген көшпелі тайпалардан қорғану мақсатында салынған делінеді. Бірақ Шыңғыс хан басқарған моңғолдардың Ұлы Қытай қорғанын айналып өткені тарихтан белгілі.

Б.з.б. ІІІ ғасырда Ұлы Қытай қорғаны салынып басталғанда солтүстікте ең қауіпті жау ғұндар болды.

Ғұндар көшпелі өмір сүрді. Тау аңғарлары мен жазық далаларда биік етіп салынған Қытай қорғаны ғұндардың атты әскерінің өтіп кетпеуі үшін салынды. Ұлы Қытай қорғанының пайдасы болған болар - Қытайлықтар ғұндарға тәуелді болмады.

Қытай қорғанының ұлы деп аталуында бірнеше нұсқа бар

1. Көп уақыт салынуында

2. Қытай қорғанының ауқымы, көлемі

Ұлы Қытай зикзагтық түрде түзу емес деңгейде салынған. Жалпы ұзындығы 21 шақырым деп топшыланады. Өлшеңген ұзындығы 8851 шақырым.

Биіктігі 5-6 метр, ені арба еркін сыйып кететіндей. Күзет мұналары бар. Әскери мақсатта салынғаны анық байқалады.

Қазіргі кезде Қытай Халық Республикасының негізін салған Мао Дзедунның "Өмірінде бірде бір рет Ұлы Қытай қорғанына барып қайтпаған қытай - қытай емес" деген қанатты сөзімен қаруланған қытайлықтар қорған кешеніне барып қайтады

Сурет ғаламтордан алынған