1813 жылы Лейпциг түбіндегі "Халықтар шайқасы" аталған шайқас орыс-герман тарапының жеңісімен аяқталып, коалициялық күштердің 1814 жылы Францияны оккупациялауға әкелді.
- Сыртқы күштердің әсерімен Бурбондар әулеті қайта орнықты.
- Францияда Бурбонда әулетін орнықтыру үшін Коалициялық күштер қалып қойды.
Бұл әрекеттердің француз халқының ішкі наразылығын туғызды.
Қарапайым халық Бурбондар әулетінің орнығуымен - революцияның маңызы жойылды деп санады. Көпшілік халық Франция отарланды деп қабылданды.
Вена қаласында өтіп жатқан "жеңімпаздар" шешімін француздар үреймен қабылдай бастады.
Республика мен империя кезінде орныққан буржуазия өз артықшылықтарын сақтап қалғысы келді.
Шаруалар өз иеліктерінен айырылғысы келмеді.
- Республика кезінде Бурбон әулетінен тәркіленген мүліктер қайтарылатындығы ашу туғыза бастады.
- Бурбондар әулетінің орнауы тек эмиграция кеткен аристократтарға ғана жеңілдік әкелді.
- Бурбондар әулетінің қайта орнауымен бұрыңғы революционерлер шетелге кете бастады.
Эльба аралында шағын жасағымен жер аударылған Наполеон Бонапарт 1814 жылы 1 наурызында Франция жағалауына түсті.
Наполеон Бонапарт "империяның конституциялық мәртебесі" туралы жарлық шығара отырып, қос палаталы парламенттің шақырылатындығын жария етті. Үкімет құрамы қайта жасақталды.
Бурбон әулетінің шығарған заңдары заңсыз деп жарияланды.
Бұл жарлықтар бүкілхалықтың қолдауына ие болды.
Наполеон Бонапартты жағалаудан Парижге жеткенше қошеметпен қарсы алып, қарсы оқ атылмады.
Наполеон Бонапарттың билікке қайта оралудың "жүз күні" басталды
Сурет ғаламтордан алынды