Найти в Дзене

Неге С.Мұқанов Ш.Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?

Мен өзі Кеңестік Қазақстанның халық жазушысы, пролетариаттың әдебиеттің негізін салушы Сәбит Мұқановтың "Өмір мектебі" шығармасын оқып, "Жұмбақ жалау" шығармасы желісімен түсірілген "Ботагөз" фильмін бірнеше рет экраннан көргеніммен "Аққан жұлдыз" шығармасын оқымаппын. Бірақ жалпы, кім туралы екенін білемін. Жалпы, бұл еңбекті мұрағат құжаттарымен байланыстыра жазғандығын ғаламтор беттерінен табуға болады.

Бірақ неге автор өз шығармасына ХІХ ғасырдағы феодалдық қоғамның басқарушы тап өкілі Шыңғыс әулетінен шыққан Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановты таңдаған?

  • Әрине, автордың туып-өскен ортасы төмен тап, тіпті кейін автор осы тәрбиемен 1917 жылғы Ресейдегі Қазан төңкерісін қолдап, буржуазиялық Алаш партиясына қарсы шығады.

Дегенімен, мені мазалағаны автордың өз шығармасындағы бас кейіпкерге жоғарғы тап өкілін таңдауы қызық.

  • Бәлкім, Шоқан Уәлиханов ұлттық деңгейде ойлана білген тұлға болғаннан болар.
  • Сәбит Мұқановқа рахмет айтуымыз керек. Ол пролетаритттық қоғамға феодалдық кезеңнің тұлғасын жағымды деңгейде таныстыра білді. Әрине, өз шығармасының кейіпкеріне шығармашылық образдар берген болар. Бірақ Кеңестік Қазақстандық оқырман Сәбит Мұқановтың "Аққан жұлдыз" шығармасын жылы қабылдаған.

Неге Сәбит Мұқанов өз шығармасына Шоқан Уәлихановты арқау ете отырып - "аққан жұлдыз" деген тақырып берді?

  • "Аққан жұлдыз" дегеніміз - метеор. Метеор дегеніміз - аспан әлеміндегі кометалар мен астеройдтардың сыртқы қысымның әсерімен өз траекториясынан ауытқи отырып, жанған бойда жылдам қозғалатын аспан денесі. Кейбір кезде метеорлар өз тракториясынан жана отырып қозғалған кезде - өзге кометалар мен астероидтарға әсер етіп, оларды да қозғап, не сөндіріп кетеді. Метеорлардың өмір сүру ұзақтығы қысқа. Аспан әлемін зерттеуші ғалымдар метеорлар кейбір кезде өзге планеталарға әсер етеді дейді. Әрине, үлкен болса.
  • Сәбит Мұқанов өз шығармасындағы бас кейіпкер Шоқан Уәлихановты меторға теңеу себептері:

1. Шоқан Уәлихановтың қысқа өмір сүрсе де - ғылыми еңбектер жазғаны.

2. Шоқан Уәлиханов өзінің 30 жылдық өмірінде туған халқының жағдайын жақсартуға мейлінше әсер етуге тырысты.

3. Шоқан Уәлихановтың ғылыми ізденістерін әлікүнге дейін Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай елдері қолданады.

Көршілес Ресей мен Қырғызстанда Шоқан Уәлихановта ескерткіштер орнатылған

Сурет ғаламтордан алынған