Найти тему

Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?

Х ғасырда неміс халқының Оттон І құрған ұлттық мемлекеті құрылған тұста - императордың билігін нығайту үшін Оттон І Рим католик шіркеуінің қолдауына сүйенген болатын. Император І Максимилиан тұсында католик шіркеуі неміс жерлерінің саяси-экономикалық бақылауын өз уысында ұстады. Құқықтық жағынан елдің быраңқылығын жүріп, елдің орталығы Австриялық Вена қаласына көшіп жатқан тұста неміс жерлері Рим католик шіркеуіне одан сайын экономикалық тәуелділікке түсе бастады. Неміс халқы рухани құлазу үстінде болды. Академиялық ортада, студенттер арасында Рим католик шіркеуінің қызметкерлерін сынау үрдісі байқала бастады.

Германия жерлерінде Рим католик шіркеуінің күнәні кешіруші индульгенциялық қағаздары жаппай тарала бастады.

Бұған Виттенберг университетінің дін ғылымының оқытушысы профессор Мартин Лютер қарсы шықты.

Мартин Лютерге дейінде Қасиетті Рим империясының ұлттық аймақтарында қарсылықтар болған. Мысалы, Чехияда Ян Густың қарсылығы.

Мартин Лютердің - Чехиядағы Ян Густың қарсылығынан ерекшелігі оны дворяндар қолдады. Демеушілік қолдау көрсетті. Тіпті неміс жерлерінің шіркеу қызметкерлеріде қолдау көрсетті.

Мартин Лютер - Рим католик шіркеуіне қарсы 95 тезис еңбегін жазды.

  • Христиандардың қасиетті кітабын неміс тіліне аударып, Құдайды ұлықтайтын діни гимндер жазып, индульгенция қағаздарының сатылуына қарсы шығып, шіркеу қызметкері бола отырып отбасын құрды. Құдай мен пенде арасында католик шіркеуінің делдалдығына қарсы шықты. Мартин Лютер дін туралы католик шіркеуінің түсінігіне өзіндік анықтама берді.
  • Мартин Лютердің жолын қуушылар лютерандықтар деп аталды.

Мартин Лютер - Еуропалықтарға әсіресе Рим католик шіркеуінің ықпалындағы жерлердегі адамдарда - даралық жауапкершілік, ұлттық түсінік және экономикалық тәуелсіздік ұғымын діни тұрғыда әкелді.

Еуропада Христиан дінінің лютерандық ағымының пайда болуымен Рим католик шіркеуі өзінің ықпалынан айырыла бастады.

Лютерандық сенім - Еуропадағы Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия, Исландия мемлекеттерінің пайда болуына ол елдердегі халықтың ұлттық тұрғыда бірігуіне әсер етті

Сурет ғаламтордан алынды