1218 жылы Шыңғыс ханның Хорезмшах империясына сауда керуенінің аясына жасырылған 450 жауынгері Отырар қаласында астыртын әрекет жасағаны үшін ұсталып өлтірілгені белгілі. 1217 жылы екі тарап бір-бірінің әскери әлеуетін анықтау мақсатында бір-біріне елшілер жібергені белгілі. Хорезмшах империясының билеушісі Мұхамед шах Қайырханды Шыңғысханға беруден бас тартты. Себебі, Хорезмшах империясы 1216 жылы өздеріне қауіп төндірген қыпшақтарды бағындырған болатын. Ол кездегі Дешті қыпшақ жеріндегі қыпшақ тайпалары екі топқа бөлінді. Бірі - Хорезмшах мемлекетіне жаулық ниетте болса, екінші тарап - Хорезмшах мемлекетімен туыстық байланыс орнатып, әскери әлеуетінің негізін құрады. Екінші топта - Отырар қаласының әкімі Қайырхан Иналчукта бар еді. Бұған наразы болған Шыңғыс хан Хорезмшах империясына соғыс ашты. Моңғолдардың алғашқы соққыларының бірі Отырар қаласына бағытталды. Бірақ моңғолдар Отырар қаласын алты ай бойы ала алмады. Себебі - Фараб аймағының орталығы саналған Отырар қаласы ірі қала
Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?
17 марта 202417 мар 2024
3
1 мин