Найти в Дзене

Ланкастерлер мен Иорктер арасындағы соғыс неге әулеттік деп аталады?

1453 жылы Англия мен Франция арасындағы жүз жылдық соғысының бітісімен - соғыста жеңіліске ұшыраған Англияда ішкі саяси дағдарыстар басталды.

Жүз жыл бойы мемлекеттік қаржының соғысқа жұмсалуы - экономикалық дағдарысқа әкелді.

Англияда қаржы тапшылығы сезілді.

  • Таққа отырған Генрих VI жастау және аурушаң болды.
  • Корольдің дәрменсіздігі таққа таласушыларды көбейтті.
  • Тіпті Плантагенеттер әулетін мүлде биліктен алып тастауды жақтаушылар болды.

Наразылықтың негізгі қозғаушы күші жүзжылдық соғысқа қатысқан кәсіби әскерилер мен соғысқа қаржылай қолдау көрсеткен феодалдар болды.

  • Саяси қақтығыстар барысында Генрих VI пен оның шешесі Маргарита патшайымды қолдайтындарды Ланкастер деп атады.
  • Генрих VI-ға және оны қолдаушы Ланкастерлерге қарсыларды Иорктер деп атады.

Ланкастерлердің гербінде - алқызыл раушан бейнеленді.

Ал Иорктердің гербінде - ақ раушан бейнеленді.

Ланкастерлер мен Иорктер арасындағы соғыс 1455-1485 жж. болды. Тарихта бұл соғыс "алқызыл және ақ раушандар соғысы" депте аталады.

  • Ланкастерлерде - Иорктерде Плантагенет әулетінің бұтақтары.

Иорктер - биліктің Ланкастер әулетіне берілуіне қарсы шығу себебі

1. Король Генрих VI жастау, аурушаң болды.

2. Король Генрих VI - тің шешесі француз болды. Жүз жыл француздармен соғысып жеңілісіп тапқан ағылшындар француздарға өшпенділікпен қарады.

Ал Ланкастерлер билікке Иорктердің ұмтылуын заңсыз деп есептеді.

Соғыс 1485 жылы Ланкастердің жеңісімен аяқталды. Билікке Ланкастерлерге туыс Францияда тұрып жатқан Генрих Тюдор отырды. Генрих Тюдор ұлттық ымыраға келу үшін Иорктар әулетінің қызы Елизаветаға үйленіп алқызыл және ақ раушандарды біріктіріп, өз гербіне бекітті

Сурет ғаламтордан алынды