VII ғасырдың басында Ислам діні Мұхаммед пайғамбардың үгіт-насихатымен араб тайпаларының бытыраңқылығын жойып, бір мемлекетке біріктіруімен біртіндеп көрші елдерге насихаттала бастады. Әділ халифтер аталған пайғамбардың төрт ізбасарының кезінде ислам діні шығыста - Орталық Азияға, батыста - Пиреней түбегіне дейін жетті. VIII ғасырдан бастап ислам дінін қабылдаған халықтарға діннен бастап білім, ғылым, архитектуралық өзгерістер ене бастады. Аббас әулеті тұсында Араб халифаты ислам дінінің аясында бір мемлекетке біріккен халықтар ішінде - білім, ғылым саласында энциклопедиялық бағытта ізденістер басталды. Дін арқылы Құдайдың жаратылысын жеткізу үшін дін ғұламалары ғылыми ізденістермен кітаптар жаза бастады. Араб халифатының орталығы саналған Бағдат, Дамаск қалаларында көлемді кітапханалары бар медреселері мен даналық үйлері бой көтерді. Аспан әлемін бақылау үшін обсерваториялар салынды. Аббас әулетінің ішкі тұрақтылыққа қол жеткізіп, сыртқы елдермен теңдей қарым-қатынас жасай білуі - біл
Неліктен VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды?
16 марта 202416 мар 2024
29
1 мин