Найти тему

Ортағасырлық Крест жорықтарының басталуына не себеп?

1095-1292 жж. Еуропалық мемлекеттерінің Христиан дінінің қасиетті қаласын "азат етуге" бағытталған басқыншылық, тонаушылық жорықтарымен әлемдік тарихта қалғаны анық.

Бұл жорыққа 1095 жылы Клермон қаласында Рим католик шіркеуінің басшысы папа ІІ Урбан үндеу тастаған болатын.

  • Өзара соғысқан, бір-бірімен бәсекелескен Еуропа мемлекеттері үшін бұл ішкі алауыздықты тиып, жауды сырттан іздеуге себепші болды.

Бұл жорықтардың негізгі қозғаушы күші сол кездегі Еуропадағы феодалдық жүйенің негізі саналған қарулы рыцарлар болды.

Феодалдық езгіден жапа шегіп, өзінің экономикалық жағдайын нығайтып алуға тырысқан азаматтарда бұл жорықтарға қызығушылықпен қатысты.

Феодалдық жүйенің басқарушы топтары жер иелері бұл топқа өзінен жоғары тұрған феодалдардың айтуымен не олармен материалдық жағынан теңесу үшін қатысты.

Католик шіркеуінің өкілдері бұл жорықтары - рухани демеуші; жол бастаушы; өзінің қауымдастығының, бірлестігінің нұсқауымен қатысты.

Әрине, бұлардың арасында дінге қатты беріліп, шіркеу қызметкерлерінің уағызымен еріп кеткен әсіре эмоцианалдарда болды.

Жорыққа жолай феодалдық езгіден жапа шеккен шаруаларда ерді.

Санасы толық жетілмеген бозбалардыңда еріп кеткендері болды.

  • Соншама 197 жыл Еуропадан Азияға ағылған құбылыстың басталуына қандай оқиға себепкер болды?

ХІ ғасырда Оғыз мемлекетінің ыдырауымен Сырдария бойынан батысқа көше бастаған оғыз тайпалары Түркіменстан мен Иран аумағында жергілікті түркі тайпалармен бірігіп Селжүк мемлекетін құрады. Бұл мемлекетті Оғыз тайпасының Қынық руы құрды.

Араб халифатына номиналды тәуелділікте болған Селжүк сұлтандығы Алп Арслан сұлтан кезінде 1071 жылы Манцикерт қаласының маңында Византия империясының әскерін жеңген болатын. Шайқас барысында Византия императоры Роман IV Диоген тұтқынға түсіп, Селжүк империясына алым-салықты төлеп міндетін алып, тәуелділікті мойындаған болатын.

  • Селжүктерге бағыныштылыққа түскен Армения, Грузия, Византия мемлекеттері сырттан көмек сұрап Еуропаға елшіліктер жібере бастады.
  • 1081 жылы Византияда билікке келген император І Алексей Комнин өз мемлекетін нығайту үшін көмекке Еуропалық елдерді шақыра бастады.
  • Алексей Комнин бірнеше мәрте Рим папасына елшілік жіберді.

Әрине, көмек көрсеткені үшін Византия императоры Палестина аймағы мен Таяу Шығыстың бір бөлігін Еуропалық мемлекеттерге уәде еткен болар.

Еуропалық мемлекеттерде Шығыстағы Селжүк мемлекетіне қарсы соғысқа дайындалып кетті.

Соғысқа бұқаралық сипат беру үшін Рим папасының сөзі керек болды.

1095 жылы Клермон қаласында Рим папасы ІІ Урбан өзінің жалынды сөзін сөйледі. Рим папасының кішігірім қалада оқылған уағызының қағаз көшірмесі Еуропалық қалалардағы шіркеулерде оқылды.

Еуропада бұл жорық христиан дінінің негізгі белгісіне орай - крест жорығы деп аталды.

Крест жорығының сипаты - бұқаралық түрде өрбіген дін атын жамылған тонаушылық, басқыншылылық жорық болды

Сурет ғаламтордан алынды