Қазақ тарихын жүйелі түрде, әрине өзінің көзқарасында Ресей империясының академиялық оқырманына таныстырған адамдардың бірі Алексей Ираклиевич Левшин. Ол Ресей империясының Воронеж облысында дүниеге келіп, Курск облысында қайтыс болған Ресей империясының мемлекеттік қызметкері. Бірнеше рет Қазақ даласында болған. Кіші жүз хандарымен жүздескен. Қазақ тарихына қатысты екі еңбек жазған.
- Кіші Қырғыз-Қайсақ ордасының ханымен кездесу. 1820 ж.
- Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ Ордаларының суреттеу. 1832 ж.
Осы екінші еңбегінде Қазақ хандығының ханы Тәуке ханды автор Ежелгі Спарта мемлекетінің заңгері Ликургпен теңейді.
Ликург - Спарта мемлекетінің дамуына әсер еткен заң шығарушы шенеунік. Ликург - Спарта мемлекетінің басқарушылар әулетінен шыққан.
Спартадағы Ликург шығарған заңдар әлеуметтік қарым-қатынасты реттеп, ішкі тұрақтылыққа әкелді.
Алексей Левшинде Тәуке ханды заң шығарушы ретінде мойындап, ішкі тұрақтылыққа қол жеткізгенін - Спарта мемлекетінің шенеунігі Ликургпен бірдей деңгейде деп қабылдап, әділетті баға берген. Бірақ Тәуке ханды Далалы аймақтағы халықтың Ликургі деп атайды.
Спарта мемлекеті - отырықшы болғаны белгілі.
Ал Қазақ хандығы далалы аймақты алып жатты.
Алексей Левшин Тәуке ханның заңдарына тоқталып, ол заңның халық жадындағы үзінділерін келтіреді. Алексей Левшин, Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдарын қазақтардан сұрастырған секілді.
А. Левшиннің "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ Ордаларының суреттеу" әлі күнге дейін қазақ тарихшылары дереккөз ретінде қолданады. Ол еңбектегі автордың кейбір біржақты ойларына қарамастан ғылыми сараптамасы дұрыс, шынайы, ғылымилық басым
Суреттер ғаламтордан алынды