Найти тему

Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды?

Қазақ хандығын Тәуекел ханнан кейін басқарған оның інісі Еш Мұхаммед хан. Қазақ тарихында Есім хан деп қалған. Халқы оны Еңсегей бойлы ер Есім деп атаған.

Есім ханды қазақ фольклоры Жиембет жырау мен Марғасқа жыраулардың толғауларымен біледі. Бірі қатал десе бірі халқы қызмет еткен хан дейді.

Есім хан Қазақ хандығының тарихында Қасым ханнан кейін заң шығарған екінші хан.

Есім хан - "Есім ханның ескі жолы" деген заң шығартқан.

Есім ханның - "Ескі жол" заңында әскери тәртіпке қатты көңіл бөлінген.

  • Есім хан Өзбек хандығында Шайбани әулетінен кейін келген Аштархани әулетімен соғысқан хан. Тарихи деректерде Аштархани әулетімен қазақтар арасында бірнеше соғыстардың болғаны айтылады. Осы соғыстарда қазақтар жеңген.
  • Есім ханның билік құруымен Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы болып бекітілді.
  • Ташкентте билік құрған Түрсын-Мұхаммед ханның Қазақ хандығынан бөліну әрекетіне жол бермеу үшін күрес жүргізген.
  • Тұрсын-Мұхаммед ханды қолдап, Қазақ хандығына бағынудан бас тартып, хан әулетіне қауіп төндірген Қатаған руын жазалаған.

Есім ханның Қатаған руын жазалауы бойынша тарихшылар арасында нақты біртоқтам жоқ.

Есім хан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында жерлеңген.

Есім хан Қазақ хандығын нығайту мақсатында қатаң саясат жүргізді.

  • Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын

1. Заң жүйесінің үстемдігінің орнықтыру арқылы сақтап қалды.

2. Ханның қатал билігін орнықтыру арқылы елдің біртұтастығын сақтап қалды.

3. Тұрсын сұлттаның билігін қатал түрде басу арқылы елдің бөлінуден, бүлінуден сақтап қалды

Сурет ғаламтордан алынды