Қазақ хандығының тарихында шығыстағы және батыстағы көршілері ойрат тайпаларымен 130 жылдығының бейбіт күндері XVI ғасырдың соңғы ширегіне тұспа-тұс келген болатын. Жалпы ойраттар - моңғол тілдес халық. Моңғол тайпаларының Қытайды жаулап алуға кетуімен, Моңғолия даласына солтүстік орманды алқаптарынан қоныстанған делінеді. Ойрат ұғымы - моңғолша ой - орман, арат - халық деген мағына береді. Моңғолдық деректерде оларды орман халықтары дейді. Жазба деректерінде ХІІІ ғасырдан бастап кездеседі. Шыңғыс ханға дейінде өз мемлекеттері болғандығы айтылады. Шыңғыс хан оларды бағындыру үшін үлкен ұлы Жошыны жіберген. XV-XVI ғғ. ойрат тайпалары Қытай мен моңғолармен үздіксіз соғысқан. 1582-1598 жж. Қазақ хандығын басқарған Тәуекел ханды ресми дерек көздері Қазақ-ойрат ханы деп атайды. Бәлкім, ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханның билігін мойындаған болар. Не ойраттардың бір бөлігін Тәуекел хан бағындырған болар. Тәуекел ханның есімі тарихи дерек көздерінде 1598 жылмен байланысты айтылады. 1598 жыл
Тәуекел хан Қазақ хандығын нығайту жолында қандай шараларды жүзеге асырды?
14 марта 202414 мар 2024
17
1 мин