1989 жылдардағы Шығыс Еуропада бірінен соң бірі тез өрбіген революциялық оқиғаларды жалпылама түрде - "барқыт революциясы" деп атайды.
Бұл түсінікті Француз тарихшысы Франсуа Фюре қойған. Ол Еуропа елдері мен Франциядағы революциялық қозғалыстарды зерттеуші тарихшы.
Барқыт деген - бұл бұлдық материал емес. Барқыт дегеніміз - Еуропалықтар түсінігінде жәйлі деген мағына береді. Еуропалықтар түсінік қорында - барқыттық маусым, барқыттық ажырасу деген түсініктер бар.
Барқыттық революция дегеніміз - Шығыс Еуропа елдеріндегі 1980-1990 жж. тоталитарлық жүйенің қантөгіссіз құлауы. Әрине, бұл шартты түсінік. Себебі, барқыт революциясы деп - 1990-1993 жж. Чехословакияның екіге қантөгіссіз бөлінуін айтатындарда бар. 1989-1990 жж. Чехославиядағы бұқаралық наразылықтан социалистік жүйенің ауысқаны басқа елдерге әсер еткендігінде негізге алатындар бар. Чехтер мен словактар бұл кезеңдегі оқиғаларды "нәзік" не "сезімтал революция" деп атайды
Дегенімен, 1989-1990 жж. революциялық оқиғалар толыққанды бейбіт өтті деу қате.
Себебі, Германияның бірігуі қантөгіссіз жүзеге асқанымен - Берлин қабырғасының зорлықпен күштеп құлатылды.
Румынияда билік қантөгіспен құлатылды.
Албанияда билік бейбіт түрде ауысты.
Югославияда Посттитовтық кезең - плюралистік саяси идеологияға жол ашқанымен ұлтаралық қақтығыстар басталды.
Болгарияда билік бейбіт ауысты.
- Шығыс Еуропа елдері Варшава шарт ұйымынан шықты, Варшава шарт ұйымы таратылды.
- Шығыс Еуропа мемлекеттерінде бір партиялық жүйеден көп партиялық жүйеге ауысты.
- КСРО Шығыс Еуропадан өз әскерін бейбіт түрде шығара бастады.
- Шығыс Еуропа елдерінде демократиялық өзгерістерге жол ашылды
Сурет ғаламтордан алынды