Найти в Дзене

Сармат қоғамы несімен ерекшеленеді?

Қазақ жеріне ежелгі заманнан бастап ортағасырға дейін тайпалардың көшіп қонуы тоқтамаған. Қазақстан аумағына көптеген тайпалар шығыстан келген. Мысалы: Үйсіндер б.з.б. ІІІ шығыстан келіп сақ тиграхаудалардың орнын басқан, ғұндардарда шығыстан келген б.з.б. ІІ ғасырда. Ортағасырларда алғашқы түркі тайпалары солтүстік-шығыс пен шығыстан көшіп келген. Олардың арасында қарлұқтар, моңғолдардың әсерімен олардың алдында келген меркіт, найман олардан келген жалайыр, қоңырат тайпалары бар. Ортағасырларда тек Соғдылар ғана оңтүстіктен келген. Ал Ежелгі заманда Сарматтар батыстан көшіп келген. Сармат тайпаларын тарихшылардың біразы гректермен мәдени байланысқа түскен тайпалық бірлестік есебінде санайды. Оны сармат обаларынан табылған археологиялық олжалар дәлелдей түседі. Бұл археологиялық олжаларда ежелгі грек мәдениетіне тән белгілер сақталған. Сармат тайпалары қандай ерекшелігімен еніп, көршілес тайпаларға несімен әсер етті? Сармат қоғамы Еуропадағы Балқан не Қара теңіз бойынан қоныстанып, кө

Қазақ жеріне ежелгі заманнан бастап ортағасырға дейін тайпалардың көшіп қонуы тоқтамаған. Қазақстан аумағына көптеген тайпалар шығыстан келген. Мысалы: Үйсіндер б.з.б. ІІІ шығыстан келіп сақ тиграхаудалардың орнын басқан, ғұндардарда шығыстан келген б.з.б. ІІ ғасырда. Ортағасырларда алғашқы түркі тайпалары солтүстік-шығыс пен шығыстан көшіп келген. Олардың арасында қарлұқтар, моңғолдардың әсерімен олардың алдында келген меркіт, найман олардан келген жалайыр, қоңырат тайпалары бар. Ортағасырларда тек Соғдылар ғана оңтүстіктен келген. Ал Ежелгі заманда Сарматтар батыстан көшіп келген.

Сармат тайпаларын тарихшылардың біразы гректермен мәдени байланысқа түскен тайпалық бірлестік есебінде санайды. Оны сармат обаларынан табылған археологиялық олжалар дәлелдей түседі. Бұл археологиялық олжаларда ежелгі грек мәдениетіне тән белгілер сақталған.

Сармат тайпалары қандай ерекшелігімен еніп, көршілес тайпаларға несімен әсер етті?

Сармат қоғамы Еуропадағы Балқан не Қара теңіз бойынан қоныстанып, көршілес тайпалардың қысымымен шығысқа қарай көшкен. Сармат тайпаларының көршілес тайпалармен үздіксіз күрес жүргізуі әйел адамдарды соғыс өнерін үйренуге мәжбүрледі. Сарматтарда әйел адамдарда әр адамдарда жаппай қаруланған, әскери өнерге бейімделген қоғам пайда болды. Сарматтар осындай ерекшелігімен өзге тайпаларға әсер етіп, олардың қоғамын жаппай әскери өнерге бейімдей бастады. Әрине, ол кезде қазіргідей әскери арнаулы не жоғары оқу орындары болған жоқ. Әскери өнер жастайынан үй тәрбиесінде басталып - ұжымдық санаға айналды. Бәлкім, сарматтар қоғамының жаппай әскери өнерге бейімділігіне Балқан түбегіндегі Спартандықтар әсер еткен болар.

Ежелгі замандағы мемлекеттер тайпалардағы ер мен әйелдердің жаппай әскери өнерге бейімделуін және қоғамдық жүйе болып орнығуы - әскери демократия деп атайды.

Тарихшылардың арасында сарматтардың Қара теңіз бойында мекендеген савромат тайпаларын грек аңызындағы амазонкалармен байланыстыратын тұжырым бар

Сурет ғаламтордан алынды

Оқырмандар пікір жазып жіберсеңіздер