Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?

Әрбір кезде - адамға қозғалысқа итермелейтін бұл сұраныс пен қажеттілік. Бұл қағидат сонау ежелгі заманның Мезолит және Неолит дәуірлерінде де көрініс тапқан болатын. Бұл кезеңдерде адамдар өз қажеттілігін толтыру мақсатында кәсібін өзгертіп, жаңа ортаға өзін бейімдеп, өзін өндіруші ретінде көрсете бастады. Б.з.б. 100 мыңжылдықтарда Жерде күннің суытуымен басталған мұз басу дәуірі б.з.б. 13 мыңжылдыққа дейін созылды. Б.з.б. 13 мыңжылдықпен - Б.з.б. 10 мыңжылдық арасында Жерде күннің жылынуы басталды Мезолит дәуірі Б.з.б. 12 - 5 мың жылдықтар Неолит дәуірі Б.з.б. 5-3 мың жылдықтар Мезолит дәуірінен бастап адамдар үңгірден шығып, өз баспанасын жасау үрдісіне түсіп, жабайы жануарлардың артынан алысқа ермей, жақын жерді игере бастады. Мезолит дәуіріндегі мұздықтардың еруіде адамдарды алыс жерде көшіп отыруына шектеу қойды. Тек өзен сулары көтеріле бастаған рулары ғана өздерін аман сақтап қалу үшін тоқтаусыз түрде көшумен болды. Өзен суының көтерілгеніне бейімделе білген көпшілік өзен

Әрбір кезде - адамға қозғалысқа итермелейтін бұл сұраныс пен қажеттілік. Бұл қағидат сонау ежелгі заманның Мезолит және Неолит дәуірлерінде де көрініс тапқан болатын. Бұл кезеңдерде адамдар өз қажеттілігін толтыру мақсатында кәсібін өзгертіп, жаңа ортаға өзін бейімдеп, өзін өндіруші ретінде көрсете бастады.

Б.з.б. 100 мыңжылдықтарда Жерде күннің суытуымен басталған мұз басу дәуірі б.з.б. 13 мыңжылдыққа дейін созылды.

Б.з.б. 13 мыңжылдықпен - Б.з.б. 10 мыңжылдық арасында Жерде күннің жылынуы басталды

Мезолит дәуірі Б.з.б. 12 - 5 мың жылдықтар

  • мұздықтар ери бастады - өзендер мен көлдер, теңіздер пайда болды.
  • өзен, сулдардың деңгейі көтеріліп - адамдардың жүріп-тұруы қиындады.
  • адамдар өзен арқылы өту үшін - қайықты ойлап тапты.
  • Өзен-сулардың деңгейінің көтерілуімен - өзен, көл, теңіздегі балықтардың көбейіп, адамдар балық аулай бастады.
  • Күннің жылынуына шыдас бермеген, терісі қалың, ірі жануарлар солтүстікке қарай көшті. Олардың артынан еріп отырған адамдар өзінің тұрғылықты жерін ауыстырды.
  • Күннің жылынуымен флора мен фаунада өзгерістер пайда болды. Шөптер жиі өсіп, аяғы сыдиған, тез жүгіретін жануарлар көбейе бастады.
  • Оңтүстіктегі адамдардың тамақ тауып жеу қажеттілігінен - аяғи сыдиған жануарларды қаумалап аулай алмауынан - қашықтыққа ұшатын қару садақты ойлап тапты.
  • Адамдар жануарлардың терісін баспанаға пайдалана бастады.
  • Жануарларды кәсіби түрде аулай алатын - аңшылар пайда болды.
  • Ит қолға үйретілді.
  • Адамдар үңгірден шығып, өзен, сулардың маңына жылжымалы баспаналарын тұрғыза бастады.
  • Мал шаруашылығы мен егіншіліктің бастапқы белгілері пайда бола бастады.
  • Адамдар балға, балта жасады.

Неолит дәуірі Б.з.б. 5-3 мың жылдықтар

  • Адамдардың баспаналары - бұлақ, өзен, көл, үңгір маңында болды.
  • Адамдар - жануарлардың жүнін өңдеп тоқымашылықты игерді.
  • Адамдар - жабайы жануарларды қолға үйретіп, олардың сүтін іше бастады.
  • Сүтті сақтау үшін - ыдыстар жасады.
  • Адамдар керамика жасап үйренді.
  • Егіншілік пайда болды.
  • Бидайдан ұн алды (дәнүккіш, келісаптар пайда болды).
  • Қой, ешкі қолға үйретілді

-2

Мезолит дәуірінен бастап адамдар үңгірден шығып, өз баспанасын жасау үрдісіне түсіп, жабайы жануарлардың артынан алысқа ермей, жақын жерді игере бастады. Мезолит дәуіріндегі мұздықтардың еруіде адамдарды алыс жерде көшіп отыруына шектеу қойды. Тек өзен сулары көтеріле бастаған рулары ғана өздерін аман сақтап қалу үшін тоқтаусыз түрде көшумен болды. Өзен суының көтерілгеніне бейімделе білген көпшілік өзен бойымен тұрағын ауыстырып отырды. Балық аулау шаруашылығы осы кезең адамдарының негізгі шаруашылығы болды.

Ал Неолитте адамдары су көздерін өз тіршілігіне пайдаланып, жабайы жануарларды қолға үйретіп, жабайы дәнді-дақылдарды мәдени түрге көшіре бастады.

Неолит дәуірінің баспанасы Мезолит дәуіріне қарағанда көшіріп отыруға қиын болды

Суреттер ғаламтордан алынды