Найти в Дзене

Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?

XVIII ғасырдағы қазақ халқының қайғылы кезеңі 1723-1727 жж. шығыстағы Жоңғар хандығының тұтқиылдан жасалған жорығы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" аталғаны белгілі.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама дегеніміз - жаудан жаяу қашып, шұбырған халықтың Алакөлден - Алқакөл жеткен уақыт деп түсіндіріледі.

Осы кезеңнің қайғылы жағдайын - халыққа таныстыра білген Қожаберген жырау болды. Қожаберген жырау - осы кезеңді көзімен көрген тарихи тұлға. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қайғылы уақытына - "Елім-ай" толғауын арнаған.

Зерттеушілер арасында Қожаберген жырау деген өмірде болған-болмағаны жайлы жорамалдар көп. Елім-ай толғауы кеңестік кезеңде қолдан жасалған деген жорамалда бар.

Жинақтаушылар арасында "Елім-ай" толғауының бірнеше нұсқаларыда баршылық.

Бірақ Қожаберген жырау туралы Ыбырай Алтынсарин. Мәшһүр Жүсіптің, Сәкен Сейфуллиннің еңбектерінде айтылады. "Елім-ай" толғауының бөліктері Міржақып Дулатовтың, Мұхаметжан Тынышпаевтың еңбектерінде кездеседі. ХІХ ғасырда өмір сүрген адамдардың еңбектерінде айтылса - бұл тұлға тарихта болғаны анық.

Ауыздан-ауызға жеткен бұл толғау - жеткізушілермен өзгерген болар.

Кейінгі Кеңестік Қазақстандың тарихи киноларда да осы толғаудың шумақтары әнмен жеткізілген.

Жалпы, "Елім-ай" толғаулық әні -

  • қазақ халқының қилы тағдыры.
  • халықаралық қатынастардың ушығуы.
  • қазақтардың көрші елдерге өкпесі.
  • халықты ердемей, әйел демей Отанды қорғауға шақыру.
  • Ел азаматтарын саяси бірлікке шақыру.

"Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" қазақ халқының 3/2 бөлігіне әсер еткен болатын. Сондықтанда өлең толғау ретінде шыққан жырдың - бүкілхалықтың көңілінен шықты. "Елім-ай" жалпыхалықтық әнге айналды

Сурет ғаламтордан алынды