Найти тему

ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы

Жалпы Қазақстандағы жұмысшы табы Кеңестік индустрияландыру уақытында қалыптасты. Бірақ Кеңес өкіметі орнамай тұрып Қазақстанда жұмысшы табының белгілері болды. Ол Ресей империясының Қазақстандағы шахта, кен орындары мен теміржол бойында көрінді. Бұл жұмысшылар әртекті, әртүрлі халықтардан құрылған болды. Әсіресе, Орталық Қазақстандағы және Шығыс Қазақстандағы - Успен және Риддер аймақтарында айқын көрінді. Бұл жұмыс орындары - Ресей империясының маңызды өнеркәсіп орындарына шикізат беретін кәсіпорындардың санасында болды. Әрине, бұл кәсіпорындарды - қазіргі кәсіпорындармен салыстыру қиын. Дегенімен, бұл кәсіпорындар Ресей империясының социалистік билікке оппозиялық партиялардың қызығушылығын тудырды. Саяси партиялардың үгіттеушілері - жасырын түрде үнқағаздарын таратумен болды.

1905 жылы Ресей империясында буржуазиялық революция басталған кезде - Қазақ даласында бірнеше саяси бағыттағы наразылықтар өрбіді.

1. Қазақ зиялы қауымының петициялық наразылығы

2. Кен орындарындағы социалистік партиялардың ықпалымен өрбіген жұмысшылардыңы наразылығы.

3. Либералдық бағыттағы Ресей империясының әскерилерінің наразылығы.

Жұмысшылар:

  • 8 сағаттық жұмыс күнін талап етті.
  • жұмыс орындарының жақсаруын.
  • жалақының көтерілуін

Жұмысшылардың ең ірі наразылықтарының бірі Успен кенішінде құрылды. Наразылыққа шыққандар орыстар мен қазақтарды жұмыс мәселесін реттеуде саяси біріктіре білді.

1905 жылғы наразылық митингілерінің көбісін осы жұмысшылар ұйымдастыра білді. Омбы, Ташкент, Верный, Семей, Өскемен, т.б

Сурет ғаламтордан алынды