Найти в Дзене

Байқоңыр ғарышайлағын салуға не себепті Қазақстан аумағы таңдап алынды?

Дүниежүзінде ғарыш айлақтарының барлығы дерлік Экватор белдеуіне орналасқан. Франциялық Куру ғарыш айлағы болсын, АҚШ Канаверал ғарыш айлағы болсын, тек Қытайлық Цзюйцюань ғарыш айлағы мен Ресейдің Восточный ғарыш айлақтары Экватор белдеуінен алыс орналасқан. ҚХДР-да өзінің ғарыш айлағы бар делінеді. Әзірше ешбір мемлекет ҚХДР-ды ғарыштық держава, яғни ғарышты игеріп жатқан мемлекет деп мойындай қойған жоқ. Осы ғарышайлақтарының бастауы Қазақстан жеріндегі Байқоңыр ғарышайлағынан бастау алады. Әлі күнге белгісіз неге КСРО ғарыш айлағын Қазақстан аумағында салғаны. Бәлкім Қазақстан Экваторға жақын орналасқаны болар. Бірақ Өзбекстан Қазақстанға қарағанда Экваторға жақын орналасқан. Бірақ Өзбекстан аумағында халық тығыз қоныстанған. КСРО уақытында Өзбекстан басқа капиталистік мемлекетке жақын орналасты. Қарақалпақстан аумағы ғарыш айлағын салуға жарамаған болар - сондықтан Өзбекстан ғарыш айлағын салуға таңдалмаған сияқты. 1954 жылы Байқоңыр ғарышайлағын салуда мынандай талап есепке

Дүниежүзінде ғарыш айлақтарының барлығы дерлік Экватор белдеуіне орналасқан. Франциялық Куру ғарыш айлағы болсын, АҚШ Канаверал ғарыш айлағы болсын, тек Қытайлық Цзюйцюань ғарыш айлағы мен Ресейдің Восточный ғарыш айлақтары Экватор белдеуінен алыс орналасқан. ҚХДР-да өзінің ғарыш айлағы бар делінеді. Әзірше ешбір мемлекет ҚХДР-ды ғарыштық держава, яғни ғарышты игеріп жатқан мемлекет деп мойындай қойған жоқ.

Осы ғарышайлақтарының бастауы Қазақстан жеріндегі Байқоңыр ғарышайлағынан бастау алады.

Әлі күнге белгісіз неге КСРО ғарыш айлағын Қазақстан аумағында салғаны. Бәлкім Қазақстан Экваторға жақын орналасқаны болар. Бірақ Өзбекстан Қазақстанға қарағанда Экваторға жақын орналасқан. Бірақ Өзбекстан аумағында халық тығыз қоныстанған. КСРО уақытында Өзбекстан басқа капиталистік мемлекетке жақын орналасты. Қарақалпақстан аумағы ғарыш айлағын салуға жарамаған болар - сондықтан Өзбекстан ғарыш айлағын салуға таңдалмаған сияқты.

1954 жылы Байқоңыр ғарышайлағын салуда мынандай талап есепке алынды

  • теміржолға жақындығы
  • адамдар тұрмайтын не аз қоныстанған шалғай жер
  • тұщы су болуы

Төретам странциясының маңында салынған бұл ғарыш айлағы - шетелдіктерді шатастыру мақсатында Байқоңыр атауы беріліп, Орталық Қазақстандағы Байқоңыр елді-мекеніне жалған ғарышайлағының нысандары салынды.

Байқоңыр ғарышайлағының Қазақстанда салынуына - сол кездегі Қазақстан аумағында әскери өнеркәсіп кешендерінің орналасуы себеп болса керек деп ойлаймын. Семей полигоны, Барсакелмес полигоны. Әрине, бұл тек ғана топшылау. Жалпы Байқоңыр ғарышайлағын салуда Қазақстан аумағының таңдалуында - географиялық ерекшеліктер мен әскери жағдайларда бірге ескерілген сияқты. Байқоңыр ғарышайлағын салуда географиялық және әскери ерекшеліктер мен 0 нүктені іздеді деген жорамалда бар. Бірақ бұны дәлелдеу қиын

Сурет ғаламтордан алынды