Найти в Дзене

Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?

ХІХ ғасырдың басынан бастап XVIII 30-40 жж. Ресей империясының құрамына ене бастап Қазақ жерін патша өкіметі игере бастады. Осы игеру жолында Ресей империясының патша өкіметі болып қалуы мүмкін наразылықты ескерді ма жоқ Қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі яки бірігуі қаупі себеп болды ма? Ол жағын айту қиын. ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап Ресей империясының Қазақ даласындағы өңірлік басқару ерекшелігіне сүйенген реформалар жүргізілді. Өзгерістерді бірыңғай болмағандығынан болар локалдық наразылықтар ғана болды. Кіші жүзде - Қайыпқали Есімов, Жоламан Тіленшіұлы. Орта жүзде - Саржан Қасымұлы. Бөкей Ордасында - Исатай мен Махамбет көтерілісі. Көтерілісшілер - ұлттық масштабтағы деңгейде әрекет ете алмағандықтан бір-біріне қосыла алмады. 1867-1868 жж. реформаларда Қазақ даласын үшке бөлді. Батыс Сібір, Түркістан, Орынбор Түркістан облысында - Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторлығына қарағанда қазылар соты сақталып, діни мәселеге келгенде жеңілдіктер жасалды. Ішкі Ресейден келімс

ХІХ ғасырдың басынан бастап XVIII 30-40 жж. Ресей империясының құрамына ене бастап Қазақ жерін патша өкіметі игере бастады. Осы игеру жолында Ресей империясының патша өкіметі болып қалуы мүмкін наразылықты ескерді ма жоқ Қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі яки бірігуі қаупі себеп болды ма? Ол жағын айту қиын.

ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап Ресей империясының Қазақ даласындағы өңірлік басқару ерекшелігіне сүйенген реформалар жүргізілді.

  • Кіші жүз - Орынбор генерал-губернаторлығына бағындырылып, дистанцияларға бөлінді.
  • Кіші жүз құрамында Бөкей Ордасында - хандық басқару сақталып, Орынбор кейін Астрахан губернаторлығына бағындырылды.
  • Орта жүз - Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағындырылып, округтерге бөлінді.

Өзгерістерді бірыңғай болмағандығынан болар локалдық наразылықтар ғана болды.

Кіші жүзде - Қайыпқали Есімов, Жоламан Тіленшіұлы.

Орта жүзде - Саржан Қасымұлы.

Бөкей Ордасында - Исатай мен Махамбет көтерілісі.

Көтерілісшілер - ұлттық масштабтағы деңгейде әрекет ете алмағандықтан бір-біріне қосыла алмады.

  • Тек 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс ғана бүкіл үш жүзді қамтыды.

1867-1868 жж. реформаларда Қазақ даласын үшке бөлді.

Батыс Сібір, Түркістан, Орынбор

Түркістан облысында - Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторлығына қарағанда қазылар соты сақталып, діни мәселеге келгенде жеңілдіктер жасалды. Ішкі Ресейден келімсектер аз қоныстанды.

Әрбір генерал-губернаторлықтың басқармасы - қазақтарды басқаруда өзінің жеңілдіктерімен, қыспақтарына сүйене отырып бағынышты ұстауға тырысты. Қазақ халқын саяси біріктірмеу мақсатында "бөліп алда, билей бер" ұстанымы жүзеге асты. Бұл ұстаным, әрбір генерал-губернаторлықта біраз уақыт жұмыс істеді. Ресей империясының отаршылдық өкіметі үшін жемісін берді.

Ресей империясы Қазақ даласына "бөліп алда, билей бер" ұстанымын:

  • бастапқыда руаралық, жүз аралық қақтығысты пайдаланып жүзеге асырып бастаса - кейін өзінің отаршылдық ресурстарын пайдаланып аяқтады

Сурет ғаламтордан алынды