Құрманғазы Сағырбайұлы - Маната күйінің шығу тарихы. Бөкей хандығындағы Шыман деген төренің ұлы Жанша бір тойда кедей күйшінің өзінен басым түскеніне ызасы келіп, Құрманғазының «қарасын батыруға» серт байлайды. Ұры деген қағаз жасатып, Орданың түрмесіне қаматады. Бірақ Құрманғазы онда көп жатпай қашып кетеді. Жайықтан өтіп, Бөкей хандығының жерін артқа тастаған Құрманғазы күндердің күнінде Үстіртке келеді. Оның жоғарына көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе жатқан керуеннен асудың сырын сұрап, әңгімеге біраз қанығады. Ақсұр аттың айыл-тартпасын қаттырақ тартып, өмілдірік, құйысқанын мықтап алып, «Қара түйе Манатаның» шыңына көтеріледі. Бұл шың туралы ел аузында небір қызықты аңыздар барын бұрыннан да білетін. Енді міне ертегідей болып естілген асуды өз көзімен көріп, өз аяғымен басып келеді. «Қара түйе Манатаның» жоғары қарасаң, бөркің түсетін, төмен қарасаң, басың айналатын құрдым құздарын басып өтіп, Үстірттің текше тегіс үстіне шығады. Ақсұр аттың айыл-тартпа