Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

Сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан өз төңірегінде 29 старшындармен Ресей империясының құрамына кіргені тарихтан белгілі. Кейін бұл антты 1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай қайталады. Бірақ Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылу үрдісі бейбіт түрде жүзеге асқан жоқ. Қазақтардың жерін тартып алып, қарсылық көтерілістерін басқанынан басқа Оңтүстік аймақтарды, Маңғыстауды Ресей империясы қарудың күшімен бағындырды. 1853-1865 жж. Ресей империясы Қазақ даласының оңтүстігіндегі Әулиеата, Ақмешіт, Шымкент, Түркістан бекіністерін қарумен алды. Әулиеата бекінісінің М. Черняевтің зеңбірекпен атқылауына Шоқан Уәлихановтың наразылық білдіргені тарихтан белгілі. Түркістан қаласын бағындыруда Ресей империясының отарлық әскерінің снарядтары Ахмет Яссауи кесенесіне тиген. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілісті басқаннан кейін Ресей империясы аталмыш аймаққа соғыс тәртібін еңгізіп, бірнеше ай өңірден кетпей қойған. Берілмей қарсылық көрсеткен бек

Сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан өз төңірегінде 29 старшындармен Ресей империясының құрамына кіргені тарихтан белгілі. Кейін бұл антты 1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай қайталады. Бірақ Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылу үрдісі бейбіт түрде жүзеге асқан жоқ. Қазақтардың жерін тартып алып, қарсылық көтерілістерін басқанынан басқа Оңтүстік аймақтарды, Маңғыстауды Ресей империясы қарудың күшімен бағындырды.

1853-1865 жж. Ресей империясы Қазақ даласының оңтүстігіндегі Әулиеата, Ақмешіт, Шымкент, Түркістан бекіністерін қарумен алды. Әулиеата бекінісінің М. Черняевтің зеңбірекпен атқылауына Шоқан Уәлихановтың наразылық білдіргені тарихтан белгілі. Түркістан қаласын бағындыруда Ресей империясының отарлық әскерінің снарядтары Ахмет Яссауи кесенесіне тиген. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілісті басқаннан кейін Ресей империясы аталмыш аймаққа соғыс тәртібін еңгізіп, бірнеше ай өңірден кетпей қойған.

Берілмей қарсылық көрсеткен бекіністердің халқы - Ресей империясының зеңбіректерінің астында қырылған. Бірнеше қалалар адам танымастай өзгерген

Сурет ғаламтордан алынды