Найти в Дзене

Қазақ ру-тайпалық бірлестігінің - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атану себептері:

Аталмыш этнологиялық, тарихи сұрақпен айналыспаған тарихшы кемде-кем шығар. Тіпті, шетелдік зерттеушілерде өз пікірін айтып, жорамалын хатқа түсірген. Мұндай ізденістерді - Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, С. Аманжолов, Т. Сұлтанов, С. Мұқанов, Б. Ахмедов өзінің теориялық негіздемелерін айтқан болатын. Аталмыш тақырыппен айналысушы тарихшыларда баршылық. Осыдан, он шақты жыл бұл магистратурада оқып жүрген кезде бізге сабақ берген Зарықбек Сламбекұлы жүз ұғымын - беткей деп түсіндірген болатын. Көршілес - қырғыз халқыда рулық бірлесу жағынан үш топқа бөлінеді. Олар бірақ қанаттар деп аталады. Жалпы жүз атауының мағынасы жайлы бірнеше жорамалдар бар Жүз атауының бұданда басқа жорамалдары бар Енді неге осы қазақ ру-тайпалық бірлестігін құрайтын жүздер неге - Ұлы, Орта, Кіші деп аталғанына келсек. Бұл сұраққа әліде жауап жоқ. Ол әлбетте, фейсбук, инстраграм, тик-токта таралып жүрген бір кездердегі үкіметті басқарған адамның ойын өзгелер түрлендіріп жіберген нұсқасы емес болар - Кіш -

Аталмыш этнологиялық, тарихи сұрақпен айналыспаған тарихшы кемде-кем шығар. Тіпті, шетелдік зерттеушілерде өз пікірін айтып, жорамалын хатқа түсірген.

  • Бір тарихшылар оны Моңғолдық ұлыстық бөлінудің өзгерген түрі десе
  • Екіншілері оны жеке қазақ халқының шаруашылық-экономикалық жағынан шыққан бірлестік деп қарастырды.
  • Үшіншілер оны әскери бірлесу деп түйіндеді.
  • Ал төртіншілер жүздік бірлесуді моңғол шапқыншылығына дейін пайда болған жорамал деп айтты
  • Бесіншілер болса - әкімшілік аймақтық бөлініс деді.

Мұндай ізденістерді - Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, С. Аманжолов, Т. Сұлтанов, С. Мұқанов, Б. Ахмедов өзінің теориялық негіздемелерін айтқан болатын. Аталмыш тақырыппен айналысушы тарихшыларда баршылық. Осыдан, он шақты жыл бұл магистратурада оқып жүрген кезде бізге сабақ берген Зарықбек Сламбекұлы жүз ұғымын - беткей деп түсіндірген болатын.

Көршілес - қырғыз халқыда рулық бірлесу жағынан үш топқа бөлінеді. Олар бірақ қанаттар деп аталады.

Жалпы жүз атауының мағынасы жайлы бірнеше жорамалдар бар

  • жүз - адам саны
  • жүз - жер беткейі
  • жүз - жүз арабша тармақ деген мағына береді.

Жүз атауының бұданда басқа жорамалдары бар

Енді неге осы қазақ ру-тайпалық бірлестігін құрайтын жүздер неге - Ұлы, Орта, Кіші деп аталғанына келсек. Бұл сұраққа әліде жауап жоқ. Ол әлбетте, фейсбук, инстраграм, тик-токта таралып жүрген бір кездердегі үкіметті басқарған адамның ойын өзгелер түрлендіріп жіберген нұсқасы емес болар - Кіш - күшті, Орта - орда деген жорамалдар тарихи нақтылықтан алыс шыққан болар деп ойлаймын.

Негізі Қазақ ру-тайпалық бірлестіктері жүздердің - Ұлы, Орта, Кіші атануы - Ұлы жүз басқа жүздерден жоғары дегендіде білдірмейді.

Нақытылығы - Қазақ хандығы Шу мен Талас бойында құрылған. Сол құрылған жер мемлекеттің құрылуы - Ұлы деген атауды алуы мүмкін. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ хандығын құра отырып, басқа жерлерді өзіне қосты. Орта, Кіші - Қазақ хандығына қосылу ретін айтса керек. Себебі, Қазақстанның батыс бөлігін құрайтын Жайық мен Еділ бойы Қазақ хандығына - Қасым ханның кезінде қосылған.

Яғни, Қазақ хандығы құрылған бастапқы аймақ - Ұлы деген атауға ие болды.

Орта дегеніміз - Қазақ хандығына Шайбани әулетімен соғыс кезінде қосылған аймақ.

Ал Кіші жүз - Қасым хан кейін Хақназар хан қосқан аймақтар.

Бұған келіспеймін деушілерде бар. Бұл менің субъективті ойымнан шыққан пікір. Менің ойымша қазақ жүздерінің - Ұлы, Орта, Кіші деп аталуында Қазақ хандығының құрылу, ұлғаю, кеңею; бір тілде сөйлейтін халықты бір мемлекетке біріктіру тарихы жатса керек.

Әрине, тарихи деректерде жүз атауына келіңкірейтін иуз(юз) атауының кездесетіндігіде бар.

Қазақ ауыз-әдебиетінде қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы бірнеше аңыздарда бар.

Қазақ жүздерінің қалыптасу кезеңін

  • Қасым ханмен
  • Хақназар ханмен
  • Тәуке ханмен байланыстыратындар бар

Бұл тақырып әліде зерттелуді, жүйелеуді, нақтылауды керек етеді

Сурет ғаламтордан алынды