Найти тему

1917 жылы шілде айында өткен І Бүкілқазақтық құрылтай жиының тарихи маңызы

1917 жылдың ақпан айында Ресей империясында Петроград қаласындағы халық наразылығымен буржуазия мен әскердің (солдаттардың), өкілетті жиын Дума депутаттарының қолдауымен монархия құлап, қос өкімет орнады (Уақытша үкімет пен Жұмысшы-солдаттардың кеңесі). Жұмысшы солдаттарың наразылығымен орнаған үкімет - әскердің әлсізденуіне әкелді. Себебі, Уақытша үкіметтің бірінші шешімдердің бірі Солдат кеңестерін құру болған болатын.

Ресейдің болашағы жалпыхалықтық құрылтай жиналысында шешілетін айтылды. Осы құрылтайға дайындық басталып кетті.

1917 жылдың шілде айында ұлттық баспасөздің төңірегіне топтасқан ұлттық либерал-демократиялық зиялы қауым Орынбор қаласында жалпықазақ халқының құрылтай жиналысын шақырды. Осы жиында талқыланған мәселенген тақырыптардың бірі - Ресейлік құрылтай жиналысына депутат қатыстыру болды. Жиын барысында ұлттық либерал-демократиялық бағыттағы "Алаш" партиясы құрылды.

  • Саяси берекесіздік жағдайында қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғайтын саяси ұйым керек болды.

Бұл құрылтайдың тарихи маңызы

  • Қазақ халқының саяси үні естілді.
  • Қазақ халқының мұңын естіп, мүддесін қорғайтын ұлттық партия құрылды. Партияның төрағасы сайланып, атқарушы комитеті сайланды. Баспасөз органы бекітілді. Партияның бағдарламасы "Қазақ" газетінде жарияланды.
  • Қазақ халқының оқыған азаматтары Ресей мемлекетінің федеративтік-парламенттік республика болуын жеткізді.
  • Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі, діни ұстанымы, аумақтық жағынан (аумақтық автономия жағынан) қорғалуы керектігін айтты

Сурет ғаламтордан алынды