Былтыр 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен 2 ақпан Ұлттық Баспасөз күні деп белгіленді. Енді бір жылдан кейін бұл мереке ресми түрде аталып өтті. Яғни, Қазақстан журналистерінің төл мерекесі аталып өтті десек болады. Бұл мейрам 1913 жылы Алаш қозғалысы өкілдері Орынбор қаласында шығарған "Қазақ" газетінің бірінші номері шыққан күнмен орайластырылған. Ресей империясының отаршылдық кезеңінде шыққан бұл басылымның - қазақ халқының саяси оянуына қосқан үлесі зор. Себебі, "Қазақ" газетінде сол кезеңінде толғандырып жүрген мәселелер қозғалған. Бұл басылымның шығуымен - қазақ тілінде шығатын газеттердің негізі қаланды. Оған дейін қазақ және орыс тілдерінде шыққан тек Ресей империясының мәселелерін қозғайтын мәселер қарастырылатын. 1906-1913 жж. Қазақ тілінде шыққан басылымдардың мерзімі қысқа болды. Саяси себептермен жабылып отырды. 1913-1918 жж. жарық көрген "Қазақ" газеті - Кеңестік басылымдардың да пайда болуына әсер етті. 1918 жылы Кеңес өкіметінің пәрменімен жабылған Қазақ газетінің баспа орталығы кейін Кеңестік "Ұшқын" газетіне айналды. "Қазақ" газетінде қызмет атқарған зиялы қауым өкілдері Түркістан автономиясы мен Түркістан АКСР мерзімдік басылымдардың қалыптасуына әсер етті.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2 ақпанда Ұлттық баспасөз күні деп белгілеуінде - 1913-1918 жж. "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан ұлт зиялыларының журналистика саласын дамытуға қосқан үлесіне бағасы деп түсіну керек.
Бұл күнді тойлаудың ұлттық дәстүрі мен реңкі, идеологиясы әліде қалыптасады деп ойлаймын.
Ұлт атын оятқан ұлттық басылымды ұлықтау және осы басылым туғызған ұлттық журналистика ескеру ерекше болу керек шығар.
Журналистермен қатар тақырыптық блогерлерді де осы күні марапаттаса деген ой білдіреміз.
2 ақпан - Ұлттық басылым күні құтты болсын!
Сурет ғаламтордан алынды