Ресей империясында - халықшылдар қашан пайда болды және олардың мақсаты?

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарды Ресей империясында лаңкестік "халықшылдар" дәуірі деп атасақ болады.

Ресей империясының 50 жылдары басталған император ІІ Александрдың жоғарыдан басталған реформасына қанағаттанбаған төменгі және орта тап өкілдері билікке оппозиция тұрғысынан реформаларды тереңдету мақсатында "Жері және ерік" ұйымын құрған болатын.

"Жер және ерік" ұйымының қозғаушы күшін студенттік жастар құрады. Ұйымға шетелден А. Герцен мен Н.Огарев рухани қолдау көрсетті. Шетелде шығып тұрған "Колокол", "Полярная звезда" басылымға рухани қолдау білдірді. "Жер және ерік" ұйымының ел аралау, елге бару, көтеріліс ұйымдастыру әрекеті жүзеге аспауынан 1879 жылы тарап кетті. Ұйым 1879 жылы радикалдық көзқарастағы тікелей әрекетке және билікке сес көрсетуді насихаттайдың адамдардың бірлесуімен "Халықшылдар" атымен қайта құрылды.

"Халықшылдар" самодержавиелік билікті төменнен құлатуды қолдап, революциялық жолды таңдады. "Халықшылдар" қатарындағы әсірешілдер лаңкестік жолын таңдады. Осы ұйымның негізінде әйгілі лаңкестікке бейім адамдардың қатары шықты. Олардың арасында Г. Плеханов, М. Бакунин, П. Лавров, П. Ткачев, А. Ульянов (Лениннің ағасы). Кейін М. Бакунин ресми билікті мүлде қабылдамайтын анархистер идеологиясының негізін салушы болады. Ал В. И. Ульянов (Ленин) ағасының кегін қайтарамын деп коммунистік идеология аясында миллиондаған адамның тағдырын шешетін болады.

1881 жылы "Халықшылдар" ұйымының әсіре белсенді мүшелері император ІІ Александрге қастандық жасап өлтіреді. "Халықшылдар" ІІ Александрға 8 рет қастандық жасаған. Императорға жасаған қастандық реформалар аясын тоқтатып, Ресей империясын бірнеше он жылдыққа артқа итеріп тастады.

Қастандық жасалар кезде ІІ Александр халыққа Конституциялық құқық беруді жариялайын деп бара жатқан деген жорамал бар.

Халықшылдардың басты идеологтары болып саналған М. Бакунинның, П. Лавровты, П. Ткачевке ерген мыңдаған азаматтар - мыңдаған азаматтардың жанын қиды. Ресей империясы терордың астында қалды. Билікте терормен күресуге көп күш жұмсады.

"Халықшылдар" өз әрекетімен Ресей лаңкестіктің пайда болуына жол ашып берді. Әлеуметтік жағдайы төмен зиялы қауым өкілдері үшін - Самодержавиеге халықты тыңдатудың бірақ жолы бүлік деп білді. Ал терор - нәтижеге жетейлейтін амал сияқты болып көрінді.

Халықтың атынан сөйлегіш "халықшылдар" - халықтың атынан ресми түрде сөйлейтін билік органын мойындамады. "Халықшылдар" өз әрекетімен байыпты түрде келе жатқан реформалар жолын тоқтатып тастады.

Иә, Ресей халқының бір оқымыстысы айтпақшы - "Ресейді ақылмен түсіну мүмкін емес"

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарды Ресей империясында лаңкестік "халықшылдар" дәуірі деп атасақ болады.

Сурет ғаламтордан алынды