1861 жылы Ресей империясында реформатор патша ІІ Александр өзінің жарлығымен "басыбайлық құқықты" жойғаны белгілі. Тарихшылар қауымы бұл реформаға түрткі оқиғаларды әрқалай қарастырады. Біреулер оны 1853-1856 жж. Қырым соғысынан кейінгі туған экономикалық дағдарыспен байланыстырады. Екінші тарап оны Ресей империясындағы буржуазиялық қарым-қатынасты орнықтыру үшін орыс шаруасын феодалдық топ езгісінен шығару керек болды деп түйіндейді. Жалпы орыс шаруаларын басыбайлық құлдықтан шығару жоспары 1825 жылғы "декабристшілдердің" бағдарламасында болған. 1853-1856 жж. Ресей империясының Қырым соғысындағы жеңілісі - аграрлық, экономикалық мәселені айқын көрсетіп берді. Бірақ орыс шаруаларын "басыбайлық құлдықтан" шығару қажеттілігі ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары қалыптасты. Бұл кезеңде Ресей империясы өнеркәсіп төңкерісі басталған болатын. 1840 жылдары бұл құбылыс айқын көрінді. Бәлкім, декабристшілер Ресей империясындағы өнеркәсіп төңкерісінің нышанын байқаған болар. 1830-1840 жж. ашылған фабрика
Ресей империясының "басыбайлық құқықты" жоюына қандай оқиғалар себепкер болды?
5 января 20245 янв 2024
17
1 мин