Найти тему

Не себепті ағылшын отаршылдары Үнді Ұлттық Конгрессінің құрылуына қолдау көрсетті?

1885 жылы Бомбей қаласында ағылшын билігінің қолдауымен жиналған үнді буржуазиясы Үнді Халық Конгрес партиясының құрылғандығын жариялады.

Үнді Ұлттық Конгресі құрылғанда Англияның Үндістандағы вице-королі Джордж Фередерик маркиз Рипон "Конгресс революцияға арзанға түседі" деп айтқан дейді. Әрине бұл сөзді Үндістанның вице-королі Гамильтон Темпл Блэквут маркиз Дафферин Ава айтты деген жорамалда бар.

Кім айтса да - ұлт-азаттық қозғалысты бақылауда мүмкіншілік пайда болғанын айтса керек?

Үнді қоғамының бір бөлігінің - ағылшындар берген "өзін-өзі басқаруға" атсалысу мақсатында саяси партия құруы отаршылдық билікке Үндістанды басқаруға үлкен жеңілдік әкелді. Енді отаршыл билік Үндістанды басқаруда - үнді буржуазиясына сүйенетін болды. Үнді буржуазиясы ағылшындардың қолдауымен өндіріс орындарын ашты, Үндістанды басқаруға - жергілікті халықтарды тарта білді.

Үнді патриоттары - Үндістанда ағылшын отаршылдық билігі аясында әрекет етуге мүмкіншілік алды.

  • Бұл ағылшындарға қоғамдық санаға бақылау орнатуға мүмкіндік берді.
  • Ал үнділіктер үшін - үнді буржуазиясы аясында ұлтаралық келісімді сақтауға, қор жинауға, өндіріс орындарын ашуға, зайырлы бағыттағы оқу орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Әрине, өз кезегінде Үнді Ұлттық Конгрессінде - отаршылдыққа күресуге үгіттейтін радикалдарда болды.

М. Гандидің Үнді Ұлттық Конгресінің мүшелігіне өтпей тұрып, Үнді Ұлттық Конгрессі ағылшындардың саяси бақылауында болды десек болады.

Ағылшындар Сипай көтерілісінен Үнді Ұлттық Конгресінің құрылуына қолдау білдіре отырып - Үндістанда өзіне бейімді 30 жылдық тұрақтылықты сақтап қалды

Сурет ғаламтордан алынды