Найти в Дзене

Не себепті Ағылшын королі І Карлмен Осман империясының сұлтаны ІІ Османның билігі әлсіз болды?

Жаңа заманның басы абсолюттік биліктің дағдарысқа түсуімен көрінгені анық. Әлбетте, бұған феодалдық жүйе орныққан мемлекеттің билеушісінің шексіз абсолюттік билігінің - жаңа замандағы орнығып келе жатқан буржуазиялық еркіндікпен үйлесе алмағандығы анық. Буржуазиялық қарым-қатынас - қалалы жердегі саудаға не пайдаға негізделген топтардың еркін өмір сүруіне негізделген. Буржуазия өзінің өмір тіршілігін қыспақта ұстауға тырысатын абсолюттік биліктің қысымын көтере алмайды. XVII ғасырда Англия королінің - халықтың қалыптаса бастаған буржуазия өкілдері жинаған қаржыны - Америка құрлығындағы жаңа жерлерді игеруге жұмсап, табыспен - халықпен бөліспеуі қаржы дағдарысына әкелді. Мануфактуралардың салынбауы - қаржы кірісін тоқтата бастады. Шотландиямен басталған соғысқа І Карл қаржы таба алмай - парламент шақыру арқылы халықтан соғыс шығынын салық арқылы өндіруді көздеді. ІІ Яков кезінде король билігі шексіздікке жетіп, парламентпен ақылдаспау әрекеті - І Карл кезінде жүзеге аспады. І Карлдың п

Жаңа заманның басы абсолюттік биліктің дағдарысқа түсуімен көрінгені анық. Әлбетте, бұған феодалдық жүйе орныққан мемлекеттің билеушісінің шексіз абсолюттік билігінің - жаңа замандағы орнығып келе жатқан буржуазиялық еркіндікпен үйлесе алмағандығы анық.

Буржуазиялық қарым-қатынас - қалалы жердегі саудаға не пайдаға негізделген топтардың еркін өмір сүруіне негізделген. Буржуазия өзінің өмір тіршілігін қыспақта ұстауға тырысатын абсолюттік биліктің қысымын көтере алмайды.

XVII ғасырда Англия королінің - халықтың қалыптаса бастаған буржуазия өкілдері жинаған қаржыны - Америка құрлығындағы жаңа жерлерді игеруге жұмсап, табыспен - халықпен бөліспеуі қаржы дағдарысына әкелді. Мануфактуралардың салынбауы - қаржы кірісін тоқтата бастады. Шотландиямен басталған соғысқа І Карл қаржы таба алмай - парламент шақыру арқылы халықтан соғыс шығынын салық арқылы өндіруді көздеді. ІІ Яков кезінде король билігі шексіздікке жетіп, парламентпен ақылдаспау әрекеті - І Карл кезінде жүзеге аспады. І Карлдың парламенттің ақылдасуынсыз - елді жеке дара басқару әрекеті қалыптаса бастаған буржуазияның наразылығына тап болды. І Карл абсолюттік билігімен парламентпен бөліспей жеңіліп қалды.

Ағылшын королі І Карлдың билігінің әлісреуіне - қалыптаса бастаған буржуазиялық топтар мен әскерилер кінәлі. Буржуазия саяси еркіндікті талап етті. Тіпті корольге абсолюттік билікті бермеуге тырысты. Әскерилер өз күшімен байып, корольге қаржысымен бөйспейтіндерді қолдады.

Ал Осман империясындағы сұлтан ІІ Османның билігінің әлсіреуіне

  • Сұлтан өкіметінің соғысты қаржылай түрде өтей алмауы, соғыстың табысымен янычарлар корпусымен бөліспеуі басты себеп болды (сұлтан қазынадан янычарларға аз қаржы төлей бастады).
  • Осман империясында сұлтан билігін төмендеткен "әйелдер сұлтандығы" кезеңі өтіп жатты.
  • Бозбала сұлтанның абсолюттік билікке ұмтылуын - сарайдағылар құптай қоймады.
  • Сарай төңірегіндегі байыған шенеуніктер үшін өз билігін сақтау мақсатында "әлсіз сұлтан" керек болды

Жаңа заманның басында қалыптаса бастаған буржуазия - Англияда І Карл мен Осман империясында ІІ Османның абсолюттік билікті иеленуіне мүмкіндік бермеді. Халық үздіксіз соғысты қаржыландыра алмады. І Карл мен ІІ Османда жоғарғы билік иесі екендігін білдіре отырып, абсолюттік биліктің дағдарысқа түскендігін түсіне алмады. І Карл мен ІІ Осман өзінің әрекетімен көпшілікті өздеріне қарсы қойып, азамат соғысы мен мемлекеттік төңкерістің нәтижесінде қаза тапты

-2

Суреттер ғаламтордан алынды