Сайын Мұратбеков, соғысқа тікелей қатыспаса да – соғыстын ауыртпалығын көрген ұрпақтар өкілдерінің қатарына жататын қазақ жазушыларының бірі. Шығармаларының көбісінде соғыстың тылдағы өмірі және соғыстан кейінгі бейбіт өмірге көшу үрдісі тамаша суреттелген. Бәлкім, себебі, Ұлы Отан Соғыс жылдары Сайын Мұратбековтың балалық шағымен тұспа-тұс келгеннен болар. Яғни, Сайын Мұратбеков соғыс ауырпалығын көтерген және көрген ұрпақ өкілінен. Содан болса керек, Сайын Мұратбековтың шығармаларының басым бөлігінде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі өмір шынайы суреттелген. Тіпті соғыс уақытындағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, адамгершілік мәселесі, соғыс тауқыметін тартқан балалардың өмірі, кеңестік басқару аппаратының қатігездігіде шынайы берілген. Жазушы Сайын Мұратбековтің шығармаларының ішінде оқушыларға Қазақ әдебиеті пәнінен жақын таныс, оқырмандарға кітапханалардан табылатын «Қалың қар», «Жабайы алма», «Жусан иісі» шығармалары соғыс тақырыбы көрініс берген. «Қалың қар. Бір өкініш бір үміт» соғыс тауқыметін тартқан ауыл тұрғындарының тағдырын баяндауға арналған шығарма. Ал «Жусан иісі» шығармасында – соғыс тауқыметін тартқан Аян есімді баланың тағдыры суреттелген. Шығарманы оқыған адамға бас кейіпкер баланың есімі де аяушылық күтіп тұрғандай – бекерден Аян деп қойылмағанын ескертетіндей философиялын мән бар секілді көрінеді. Кейіпкерлердіңде есімі ерекше мысалы: ауылдың бригадирі – Тұржан, Есікбай – сотқар бала, Қосым – төбелескіш, құрдастары «тырнауық Қосым» деп атайтын бала. Иманжанов – ауыл мұғалімі. Иә, бір қарағанда жәй есімдер болуы мүмкін. Бірақ шығарманы оқыған адам басқаша түсінетіндігі анық. Тұржан – соғыстан бір қолынан айырылып келген адам, бірнәрсеге көңілі толмайтындай, шолақтығынан елді аямайтын, қатал, тек тұр жаны ғана қалған адам. Ал қосым деген қосыл, үйір деген мағынада болса керек. Яғни, өз әліне қарамай топ жинайтын адам. Ауыл мұғалімінің есімі бекерден Иманжанов аталмаса керек. Ұжымшарлық ауылдық бригада да бір ғана иман жүзді, моральдық болмысын бұзбаған бір ғана адам бар ол – мектеп мұғалімі, Аянға хат танытуға үйретуші деп айтқысы келген болар автор. Бас кейіпкердің тек қорқынышты бір көзді дию жәйлі ертегі айтуы – соғыстың салқынын сезініп, қоғамнан ауыртпашылық қысып көрген баланың психологиялық хал-ахуалынан шыққан фантазиясы болса керек. Яғни, барлығына кінәлі соғыс. Бір көзді дию – осы соғыстың оброзы болса керек. Аянның жетім бала туралы ертегісі – соғыс тауқыметін кешкен сол әрбір баланың өмірі. Жалпы, 52 беттік «Жусан иісі» шығармасы IV бөлімнен тұрады.
I бөлім.
Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл, ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.
II бөлім.
Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.
III бөлім.
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.
IV бөлім.
Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді[1].
Шығарма, автордың Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой[2, 52 б] – деген ойларымен бітеді. Яғни, автор соғыс тауқыметімен қатар келген жастық шағын есіне алып, жақын досы Аянды іздейді.
«Жабайы алма» шығармасы жоғарыда айтқандағыдай соғыс тақырыбында. Бірақ «Жусан иісі» шығармасына қарағанда сюжеті басқаша. Басқа ауылдың трагедиясын айтатындай. Көпұлтты ауылдың атмосферасын суреттелген. Отто (неміс баласы), Петько (украин баласы) есімді балалар бар. Отто – Ұлы Отан соғысы басталысымен таратылған Еділ бойындағы неміс автономиясының Қазақстанға көшірілген неміс халқының баласы болса керек. Петько – Германия әскері басып алған Украинадан эвакуацияланғандардың баласы болар. Жастардың бір-бірімен қарым-қатынасыда суреттелген. Соғысқа аттанып бара жатқандағы көріністер жақсы суреттелген. Шығармада үлкен жастағы балалардың кіші жастағы балалардың темекі шегіп үйретуі әрекеті – жастарды жаман әрекеттен сақтайтындай. Аяныштысы шығармадағы қос Тоқтар мен Нәзираны соғыс айырады[3]. Ғашығынан соғыстан қаза тапқанын білдіретін «қара қағаз» келседе мойымаған Нәзира, соғыс біткенен кейін өз еркімен қираған қалаларды қалпына келтіруге кетеді. Құдды бір өз қайғысын біреулерге көмектесуге арнап жеңуге тырысқандай. Бәлкім, Нәзираның бұл әрекеті өмір Тоқтармен тоқтап қалған жоқ, тағдыр саған бір мүмкіндік беріп тұр - пайдалан дегендей. Мүмкін, Тоқтарға деген құрметтен ба әлде Отанға деген патриоттық сезімдерден бе қираған қалаларды қалпына келтіруге аттанады. Жалпы, шығармада Тоқтар мен Нәзираның қарым-қатынасы үлкен бір әңгіме.
1941-1945 жж. КСРО-ның бір бөлшегі бола отырып, басқыншы Германияны жеңуге көмектескен Қазақстан халқы соғыс тауқыметін бір халықтай көтере білді. Осы жылдары Қазақстан майданға 1 200 мыңдай адам жіберді, солардың қатарында 82 мың коммунист (соғыстың алдындағы санының 2/3), 242 мың комсомол (70%-ға жуық) және 5 183 әйелдер мен қыздар, сондай-ақ еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдеріне жөнелтілген 700 мыңнан асатын адам болды. Бұл көп пе, әлде аз ба? 1939 жылғы халық санағының нәтижесі бойынша Қазақстанда 6,2 млн адам тұрған[4, 435 б]. Яғни, соғысқа әрбір бесінші Қазақстандық кеткен. Жоғарыда біз қарастырып отырған «Қалың қар. Бір өкініш бір үміт», «Жусан иісі», «Жабайы алма» шығармалары өзінің трагизмімен сол кезеңді шынайы өмірін шынайы суреттейді. Содан болса керек аталмыш шығармалар қалың оқырманның көңілінен шыққандығы.
Пайданылған әдебиеттер
1. Жусан иісі (повесть) kk.wikipedia.org
2. Мұратбеков С. Жусан иісі. Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық қоры, 2022. – 208бет.
3. Жабайы алма (повесть) kk.wikipedia.org
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы
Конференцияға берілген мақала үзіндісі
Автор (И. Д. А)
Сурет ғаламтордан алынды