ІХ ғасырда Ұйғыр қағанатының құлауымен пайда болған мемлекеттердің бірі - Қимақ қағанаты. Қимақ қағанаты - Ортағасырлық Қазақстан территориясында қалыптасқан мемлекеттердің көпшілігі секілді өзен бойында қалыптасқан. Тарихтан белгілі - Батыс Түрік, Түргеш қағанаттары - Шу мен Талас өзендері бойында қалыптасса, Қарлұқ қағанаты - Жетісуда, Оғыздар - Сырдария бойында, Ал Қимақтар - Ертіс бойында қалыптасқан. Қимақтар - Ұйғыр қағанатынан бөлініп шықса да өздерін, Шығыс түрік қағанатының жалғасы деп санаған. Ортағасырлық мемлекеттер секілді - қалаларыда болған. Оқулықтарда қимақ қалалары - өзен бойында, тау бөктерінде, кен орындарының маңында салыңғаны айтылады. Ортағасырлық тарихшы әл-Идриси Қимақтардың 16 қаласы болғандығы туралы айтады Тарихи деректерде - қимақ мемлекетінің басқару аппаратында 11 шенеуніктің болғаны айтылады Өз кезегінде Қимақ қағанаты - Қырқырхан, Иаксу-Иассу, Қыпшақ жері деген әкімшілік аймақтарға бөлінді Сурет ғаламтордан алынды Қимақтар еліне саяхаттап барған Ортаға