Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Қорқыт ата есімімен бірнеше тарихи тұлға өмір сүрген бе?

Ортағасырда өмір сүрген Қорқыт ата есімімен аталған ұлы тұлғаны - барша түркі халқы өзіне ортақ санайды. Әрине Анадолиялық түріктер, әзірбайжандықтар, түркімендер, өзбектер, қазақтар Қорқыт атаны әрқалай атайды. Әр халықта - Қорқыт ата туралы әртүрлі аңыз тараған. Бірақ ешбір халық Қорқыт атаның оғыздардың ішінен тарағандығына күмән келтірмейді. Дегенімен Қорқыт атадан басқа да Қорқыт есімімен тарихи тұлғалар болған секілді. Оғыздар ішінен пайда болып, аты аңызға айналған Қорқыт ата Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының Қармақшы ауданының Сырдария өзенінің жағалауында жерлеңген. Қорқыт ата мазарын су шайып кетіп, қайтадан жаңартылған. Түркия Республикасының Карс қаласының маңындағы Ардахан елді-мекенінде Қорқыт ата (құрылысшы) мазары бар. Түркиялық Қорқыт ата ауызша тараған аңыз-әңгімелерде бірнеше бекініс салғызған делінеді. Ардахан елді-мекенінде Қыпшақ ауылы бар. Түркияның Ардахан елді-мекенінде жерлеңген Қорқыт ата - селжүк заманына сәйкес келеді. Осман империясының ханзад

Ортағасырда өмір сүрген Қорқыт ата есімімен аталған ұлы тұлғаны - барша түркі халқы өзіне ортақ санайды. Әрине Анадолиялық түріктер, әзірбайжандықтар, түркімендер, өзбектер, қазақтар Қорқыт атаны әрқалай атайды. Әр халықта - Қорқыт ата туралы әртүрлі аңыз тараған. Бірақ ешбір халық Қорқыт атаның оғыздардың ішінен тарағандығына күмән келтірмейді. Дегенімен Қорқыт атадан басқа да Қорқыт есімімен тарихи тұлғалар болған секілді.

Оғыздар ішінен пайда болып, аты аңызға айналған Қорқыт ата Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының Қармақшы ауданының Сырдария өзенінің жағалауында жерлеңген. Қорқыт ата мазарын су шайып кетіп, қайтадан жаңартылған.

Түркия Республикасының Карс қаласының маңындағы Ардахан елді-мекенінде Қорқыт ата (құрылысшы) мазары бар. Түркиялық Қорқыт ата ауызша тараған аңыз-әңгімелерде бірнеше бекініс салғызған делінеді. Ардахан елді-мекенінде Қыпшақ ауылы бар. Түркияның Ардахан елді-мекенінде жерлеңген Қорқыт ата - селжүк заманына сәйкес келеді.

Осман империясының ханзадаларының бірі Қорқыт есімімен аталған.

Қорқыт есімі Түркияда кең таралған. Тіпті Қорқыт қозғалмалы зениттік қаруыда бар

Әзірбайжанда да Қорқыт есімімен фестивальдар аталып өтеді. Қорқыт атаны Әзірбайжанда жерлеңген деген нұсқада бар.

Түрменстанда Қорқыт ата тауы бар.

Бірақ барлық түрік халықтары "Қорқыт ата" кітабы ортақ.

Өзге халықтардың тарихына шек келтіруден аулақпын. Мүмкін Қорқыт ата есімімен бірнеше тарихи тұлға өмір сүрген болар. Бұл зерттелетін тақырып

Сурет ғаламтордан алынды