552 жылы Жужандар (Авар) қағанатының құлауымен құрылған Түркі қағанаты жайлы зерттеген ғалымдар көптеген ізденіс жасап, түркітану ғылымына өз үлесін қосқаны анық. Түркітану ғылымына үлес қосып жатқан ғалымдардың арасында да Ортағасырлық Орталық Азия тарихын зерттейтін ғалымдар арасында да - Түркі этнонимы, Түркі қағанатын құрған түркілердің сөйлеу тілінің қалыптасуы жайлы ортақ тоқтам жоқ. Бір ғалымдар - түркі тіліннің қалыптасуына парсы тілі ықпал етті дейді. Тіпті осы жорамалды қолдайтын ғалымдардың бір шоғыры түркі тілі - парсы тілінің ықпалымен пайда болды дейді. Келесі бір ғалымдар тобы - түркі тілінің пайда болуына моңғол тілдес халықтар ықпал етті дейді. Үшінші ғалымдар тобы - түркі тілі ешбір халықтың ықпалынсыз пайда болды дейді. Түркі атауы жайлы да нақтылық жоқ. Түркі этнонимын зерттеушілер көптеген нұсқалар айтады 1. А. Н. Кононов түркі атауын қытайлар шығарған нақтысы түркіт болуы керек. Ертеде Алтай тауы дулығаға ұқсас болған дейді. 2. И. Бичурин түркі атауы - моңғол тілі