Әрбір халықтың заманынан сай туған тұлғалар болады. Осы тұлғалар алмағайып не ғажайып замандарында туып халқының қайсарлығының, ұлылығының куәгері болып өтетіндігі анық. Бұл тұлғалар көбіне шығармашылық айналып, заман шындығын жазып өтеді. Яки, журналист, жазушы, зерттеуші болаls. Осы тұлғалармен жарысып, тіпті қабылдамай, арпалысып, тұншықтырып өтуге тырысатын, кедергі жасап қалуға тырысатындарда баршылық. Иә, заман көшін түзеуге тырысқан, заманның шындығын куәгерлік тұрғыда жазуға тырысқандарға көмектесуге тырысатындарда бар болатындығы анық. Әрине олар азшылық болады. Осындай заман шындығын жазған, өз халқының қилы тағдырына, өтпелі кезең ауыртпашылығына куәгер болған – қазақ халқымен тағдырлас туған азаматтардың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
63 жылдық тағдырында – туған халқының қилы кезеңінде еркіндікті аңсап туған Алаш қозғалысының үшінші толқыны саналған бұл тұлға ағартушылық пен зерттеуді бірге алып жүрген. Ағартушылық қызметі Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп «Абай» журналын ашумен басталса, ғылыми ізденіс зерттеу жолы халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың өмірін зерттеумен көрінді. Абайды көзі көрген азаматтар мен отбасымен тілдесіп, шығармашылығын жинақтап, оны зерттеу, оған өмір жолын арнау үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Абай өмірін зерттеп, шығармаларын жинақтап, ғылыми айналымға еңгізгендіктен біз Мұхтар Әуезовты Абайтану мектебінің негізін салушы дейміз.
Азамат соғысын көзімен көріп, Алаш жасағы қатарында Семейді қорғауға қатысқандығы, ағартушылық мақсатта Абай журналын шығаруда үлкен ерлік. Кейін кеңестік билік жылдары жоғары оқу орнына түсіп, ғылым жолына түссе – кеңестік билік шоқпары болып кетпеді. Нені жазса да халқының тағдырын жазды. Көзімен көргенін баяндауға тырысты. Әрине, кеңестік цензура жазғанын сүзгіден өткізді. Бірақ цензураға қарамастан бүркемелеп болса да, ащы шындық пен қазақ халқының тағдырын жазды. Абайды қалың оқырманға таныстырды. Абай үшін күресті. Иә, осы үшін туған халқы сүйікті жазушысын ұмытпады. Кейбір жазушылар заманға ілесемін деп пролетариат жазушысы болуға тырысты. Мұхтар Әуезов мұндайдан ада болды. Пролетариат жазушысы болуға тырысқандардың кеңестік кезеңде шығармалары киноэкранға шықса да, екінің бірі қазір біле бермейді. Протериат жазушыларының еңбегін оқымайды. Әуезовтың шығармаларын әліде оқимыз. Иә, бір қарағанда Әуезов шығармаларында таптық көрініс айқын көрінгенімен, замана шындығы жақсы суреттелген. Әуезовтің шығармаларында халықтың тағдыры, салт-дәстүрі жақсы көрсетілген.
Мұхтар Әуезовтың жыр-дастандарды қалың оқырманға таныстыруда жасаған әрекетін ерлікпен таныстыруға болады. «Еңлік-Кебек» жырын бірінші шығарып, «Хан Кене» пьессасын жазу, қырғыз халқының «Манас» жырының қажеттілігі үшін қадамдар үлкен құрметке ие. Әуезовтің басты еңбектерінің бірі халықтық дастандарды пьессалық қойылымға айналдырып, театрға қоюы. «Айман-Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» пьессаларында жазды. Білген адамға «Хан Кене» пьесасын жазу кеңес үкіметіне сес көрсету ғой. Тәуелсіздік тақырыбын қозғау кеңестік кезеңде үлкен қауіп. Қауіпке қарамастан «Хан Кене» пьесасын сахнаға қойды. Феодалдық кезеңнің сағынышы деп саналып, айыпталып жатқан «Манас» жырын ақтап алуға тырысты. Сол еңбегін қырғыз халқы әлі ұмытпайды. Әуезовтің еңбегін ескерген қырғыз ағайындар Шолпан-ата қаласында жазушыға арнап музей үйін ашқан[1].
М. Әуезовтің кеңестік билік өкілдеріне жақпағаны - туған халқының тағдырын суреттеуде таптырыс алмау, өздігінен әрекет етуінен туындағаны еді. Әуезов кеңестік билік органдарының бақылауында болды. Тіпті өз кезінде Қазақ зиялыларын белсенді түрде қудалауды жүзеге асырған Кеңестік Қазақстанның бірінші басшыларының бірі Ф. Голощекин Мұхтар Әуезовке мынандай баға берген еді. "Мұхтар алашшыл, оңшыл, сәдуақасовшыл, қазақ ұлтының астыртын ұйымына қатынасып, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Өкімет мекемелері мен жерге қоныстандыру мекемелерін, мәдени-ағарту және оқу орындарын, баспасөзді өздерінің ықпалына қаратып, жаулап алуға ұмтылған. Орта Азия басшыларының қозғалысына жетекшілік жасап, сондай қозғалысты Қазақстанда да ұйымдастыруға әрекеттенген. Кеңес үкіметін құлатуды алдына мақсат етіп қойған" деп[2]. Иә, әсірешілдік. Әуезов Алашшыл болса да – қандай да бір ұйымның басында тұрмағаны анық. Әуезов ниеттес болды. Осы ниеттестігінен екі жыл түрмеде отырды. М. Әуезов 1930-1932 жж. түрмеде отырып ақталу хатында жазды.. 1930 жылдардағы түрмеде отырғызылуына өзі ашық хатында «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Бәйбіше-тоқал», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан «Қазақстандағы мәдени төңкерістің жол бағытымен» үйлеспейтіні себепті түгел бас тартатынын мәлімдеді. Хат «Социалды Қазақстан» газетінің 1932 жылғы 10 маусым күнгі санында жарияланды[3]. Түрмеден босатылғанымен бірақ бақылау алынбады. Ол тіпті 50 жылдарға дейін жүзеге асты. Жазушы Мәскеуге қоныс аударуға мәжбүр болды. Әуезовтің шығармалары бір-бірімен үндес, тек уақытына сай таптық көріністерді қосқаны болмаса. Тіпті сол таптық көріністер кейбір кезде көрінбей кетеді.
Кейін Әуезовтің шығармалары кітапқып шығарылып, көптеп оқылып, газет беттерінде басылып, оқулықтарда жазылды. Әрбір қазақтың төрінде Абай жолы тұрды. Әліде тұр.
Мұхтар Әуезов жазған «Көксерек» шығармасын оқымаған, киноэкранға көрмеген қазақ жоқ шығар. Біреу білсе, біреу білмес – бұл шығарма киноэкранға шыққанда біраз бұрмаланған. Киноэкранда оқиға Ресей империясы заманындағы таптық шиеленіспен, жоқтығынан байлардың қойын ұрлауға мәжбүр болған бас кейіпкер Құрмаштың асырап алған атасының тағдыры таптық тақырыпта керемет көрсетілген. Кітаппен кино арасында айырмашылық көп. Кітапта Көксеректі Аққасқа итпен таласып жатқанда, Бейсембай бауырына пышақ тығып өлтіреді. Кинода Көксеректі Құрмаштың Ақан әкесі ауылдың аңшыларымен бірігіп атып өлтіреді. Қасен революционер болып шыға келеді іздеуде жүрген. Яғни, қазақ қоғамын атқамінер азаматтар қолдау көрсетті дегенге саяды. Кітапты оқысаңыз таптық қайшылық мейлінше аз суреттеліп, бас кейіпкердің Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алу олқылығы көрсетіледі. Шығарманың басты мәні қасқырдың күшігін асырасаң опа жегізеді дегенге келеді. Бірақ көрермен «Көксерек» киносын таптық көрінісі бойынша бөгде, жат, аң, хайуанды қолға үйрету сабағынан сүйіп көрген болар.
Мұхтар Әуезовтың тағы бір шығармасы бар. Бұл шығарма театр репартуарынан түспейтін, қазіргі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған «Қорғансыздың күні» әңгімесі. Бұл әңгімені екінің бірі оқуға, театрға барып көруге дауалай бермейтін ауыр қойылымдық шығармалардың бірі. Әңгімеде әйел тағдыры, шаруа жағдайы, билеуші топтың озбырлығы көрсетілген. Өз заманында шығармаға С.Мұқанов: «1921 жылы жазған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді» деп баға берген[4].
Мұхтар Әуезовтың шығармалары тұнып тұрған тарих. Шығармаларын, куәгерлік тұрғыда жазғандай заман қайшылықтарын тура суреттейді. Кеңестік кезеңнің қазақ оқырмандары Әуезовтың шығармаларын таптық тұрғыда көрініс бергеннен емес, заман шындығын жазғаннан сүйіп оқыған болар.
Мұхтар заманының сыншыл жазушысы ғана емес өз уақытында академиялық деңгейіне көтеріле біліп, артынан шәкірттер тәрбиелей алған заңғар жазушы. Мұхтар Әуезовтың салған жолын шәкірттері санатында санаған Ә. Әлімжанов. Д. Досжановтар жалғастырды. Өз заманында Кеңестік кезеңнің заңғар жазушысы атаңған К. Симонов Мұхтар Әуезовке мынандай баға берген еді: «Әуезов партия қатарында жоқ, әйтсе де мына өмірді үлкен жүрекпен мол қамтып сүюімен, көркем сөзді кестелеп берер ұсталығымен жұртына ақ, адал қызмет етті»[5,7б]. К. Симоновтан артық қосу жоқ болар деп ойлаймын
Пайданылған әдебиеттер
1. А. Жарылғасын. Президент Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйінде болды // Түркістан 2022
2. Ш. Елеукенов Әуезов және Алаш // Қазақ әдебиеті 2017 ж.
3. «Кінәсін мойындаған» Әуезов жазушы туралы қызықты деректер 01.02. 2022 sputnik.kz
4. Е. Уатхан М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесін талдау // Білім айнасы 26.04.2019
5. Д. Досжанов Мұхтар жолы. Роман-толғау – Алматы: Жазушы, 1988. – 400 бет., порт
Бірнеше жыл бұрын конференцияға жіберілген мақала үзіндісі
Сурет ғаламтордан алынды