Найти в Дзене

ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ СОҒЫС ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ

Жау жағадан алып, елдікке қауіп төңген XVIII ғасыр – қазақ халқының тарихында билер мен батырлар заманы болып қалатыны анық. Осынау елдікке сын түскен заманда – руын аман сақтап, жүзін қорғап, елі үшін соғысатын батырлар шыққаны анық. Батыр болған жерде – батырға сын айтатын биде туатындығы белгілі. Батыр мен биді есейтетінде елдің қамы. Әрине, екеуінің мойындалуы екі басқа. Бірі дау шешсе, екінші жауды елін қорғап, жауын жеңеді. Осы елдің қамы деп батыр да биде атқа қонған. Иә, елдің қамы болмаса – көшпелі кезеңде әрбір қазақ малын бағу үшін атқа қонғаны анық. Бірақ атқа қону бір басқа. Батыр болу бір басқа. Би болу бір басқа. Батыр болу үшін батылдық керек. Жастайынан садақ атып, қылыш не найза көтере алар қамда болу керек. Батырға сай ақылы мен айласыда болу керек. Айласы мен ақылы болмаса – батыр аңғал батыр болмақ. Аңғал батыр көпке бармайды. Айла керек. Соғыс жүргізудің тәсілдерін меңгеру керек.Осындай айласы бар XVIII ғасырдағы батырлардың бірі – дүйім Қазақтың Найман ру-тайпас

Жау жағадан алып, елдікке қауіп төңген XVIII ғасыр – қазақ халқының тарихында билер мен батырлар заманы болып қалатыны анық. Осынау елдікке сын түскен заманда – руын аман сақтап, жүзін қорғап, елі үшін соғысатын батырлар шыққаны анық. Батыр болған жерде – батырға сын айтатын биде туатындығы белгілі. Батыр мен биді есейтетінде елдің қамы. Әрине, екеуінің мойындалуы екі басқа. Бірі дау шешсе, екінші жауды елін қорғап, жауын жеңеді. Осы елдің қамы деп батыр да биде атқа қонған. Иә, елдің қамы болмаса – көшпелі кезеңде әрбір қазақ малын бағу үшін атқа қонғаны анық. Бірақ атқа қону бір басқа. Батыр болу бір басқа. Би болу бір басқа. Батыр болу үшін батылдық керек. Жастайынан садақ атып, қылыш не найза көтере алар қамда болу керек. Батырға сай ақылы мен айласыда болу керек. Айласы мен ақылы болмаса – батыр аңғал батыр болмақ. Аңғал батыр көпке бармайды. Айла керек. Соғыс жүргізудің тәсілдерін меңгеру керек.Осындай айласы бар XVIII ғасырдағы батырлардың бірі – дүйім Қазақтың Найман ру-тайпасынан шыққан Қаракерей Қабанбай батыр. Өзінің тірі кезінде аты аңызға айналып, жаулары атын естісе үркіп, кері шегінетін деңгейде белгілі болған. Күні бүгінге дейін Қабанбай батырдың есімі ерлік істерімен халық жадында аңызға айналып, ұрпақтары есімін ұранға айналдырып Қабанбай деп шапқандығын айтады. Қазақта ұранға айналған батырлар бірен-саран, кемде-кем. Ондай батырлар әрбір ру-тайпада біреуден ғана болады. Сондай бірегей батырлардың бірі – Қабанбай батыр. Еліне қорған болған батырлар ғана үлгі болатындығы мәлім. Үлгі болғандар ұран болады. Қабанбай батырдың есімі Қаракерей жұртына ұран болуыда жәйдан емес. Үлгі болғаннан.

Найманның Қаракерей тармағының ұранына айналған Қабанбай батырдың жасөспірімдік шағы сонау – Қазақ тарихында Тәуке хан қайтыс болған, хандар арасындағы бақталастықтығын сыртқы күштер пайдаланып кеткен заманмен тұспа-тұс келді. Жан-жағынан анталаған жауға бір өзі ғана қарсы шыққан қазақ батырлары Отан соғысын тоқтатпады. Қазақ халқы бір өзі батыста – қалмақтармен, солтүстіктікте – казактармен, шығыста – жоңғарлармен, оңтүстікте – Қоқан, қырғыздармен соғысуға тура келді. Осы жаулардың ішінде қазақтарға ең қауіп төндірген – жоңғарлар болды. XVIII ғасыр бойы қазақ аталмыш жауларымен арпалысып өтті. Қазақ даласының әрбір жерінде елін-жерін қорғайтын батырлар шықты. Осы қатарда біз айтатын Қабанбай батырда бар. Елін жерін қорғау мақсатында Қабанбай батыр 80 жылдық өмірінің 60 жылын ат үстінде өткізіп 103 шайқасқа қатысқан[1] делінеді. 60 жылдық өмірін ат үстінде өткізу дегеніміз Қабанбай батыр сол кездегі қазақтарды мазалаған жаулардың барлығымен дерлік болған соғысқа қатысты деген сөз. Жәй ғана қатысып ғана қоймай, рудың, жүздің жасағын басқарып, түменбасы, сардар деңгейіне көтеріле білді. Қабанбай батыр әскери мансап жолында өзін өсіріп ғана қоймай, ел жадында өзінің әскери әдісіменде қалды. Орта жүзі ханы Абылай Қабанбай батырды айбындылығына құрметпен қарап Отанды қорғау жолындағы атқарған қызметіне сай «ханның батыры» деп атаған. Осы жайлы қазақтың белгілі тарихшысы Құрбанғали Халид өзінің еңбегінде мынандай мәлімет келтірген: «Абылай заманында батыр, сардар болғандар. Қаракерей Қабанбай, Алтыбай батыр, Ақтанберді батыр, керей Жәнібек батыр, бөрі Ақпантай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Бәсентиін Малайсары батыр, бұлардың бәрі де қолбасшы жауынгер атанса да қайраттысы Қабанбай болған...»[2]. Яғни, Қабанбай батырдың сардар болғандығын ел ауызындағы деректер ғана емес сонымен шынайы деректерден біле аламыз. Сонымен қатар орыс тарихшысы Кузнецовтің жазбаларында: «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жонғарларды шығысқа қарай тықсырып барады...» деп жазған[3]. Бұл Қабанбай батырдың айбынды қолбасшы болғандығын білдіреді. Бұл орыс саяхатшыларының деректерімен анықталған. Орыс зерттеушілері де Қабанбай батырдың Қазақ хандығында айбынды қолбасшылардың бірі болғандығын жазған. Яғни, Қабанбай батырдың айбынды қолбасшылардың бірі болғандығына еш күмән білдірмегеніміз жөн.

Жоңғар басқыншылығы ұшыратқан бүкілхалықтық қасірет қазақ халқын ашу-ызаға булығуға ғана емес, сонымен бірге болып жатқан оқиғалардың бәрін ой елегінен өткізуге жетеледі. Жауға тойтарыс беруді ұйымдастыру үшін әртүрлі аймақтарды біріктіру қажет болды. Көптеген жайлымдардан айырылып, әр түрлі рулар мен қауымдардың жаңа жерге орын ауыстыруы қазақ қоғамының түрлі топтарын ащы шындықпен санасуға мәжбүр етті. Бұл жағдайларда жалпы келісім қажет болды. Мұнда да халық арасында белгілі қазақ батырлары, аса көрнекті билері зор рөл атқарды[4,135]. Осы миссияны Қабанбай батыр секілді ұлы тұлғалар орындай білді. Қабанбай батыр Қазақ халқын жаудан қорғаймын деп, тек өзінің ру-тайпасы ғана мекен еткен жермен шектелсей, бірде Сарыарқада, бірде Жетісуда, бірде Қытай шекарасында жаумен соғысты. Бұланты бойында Қалмақтарды қырып, Түркістанды азат етуге қатысты. Яғни, Қабанбай батыр секілді ұлы тұлғалар үшін жер белгілі бір ру-тайпаның жерімен шектелмейді. Қазақ жері бір. Оған шапқан жауда ортақ. Ел шетіне жау шапқанда – ердің мақсаты елді қорғау. Батырда осы жолда шынығады, есейеді, тәжірибе жинақтайды, соғыс жүргізу тәсілдерін игереді. Оны тәжірибеде қолданып көреді. Өзгерістер енгізеді. Жауын зерттейді. Иә, жауын зерттеген қазіргідей том-том кітаптар оқып, телеарналардан, ғаламтор көмегін қолданып жатпағаны анық. Дегенімен сол баяғы жауын зерттеуді жансыздары арқылы ақпарат жинап, салт-дәстүрінен бастап, тұрмыс-тіршілігіне дейін біле бастайды. Жаудың батырларын, қолбасшыларын, қаруын анықтайды. Жауын зерттеуді қазақ батырларыда кеңінен қолданды. Әлсіз жақтарын анықтай білді.

Қаракерей Қабанбай батырдың өмірін зерттеп, ел ауызындағы деректерді жинаған белгілі Қабанбайтанушылар Қабанбай батырдың ұрпағы Қытай қазақтарының арасындағы белгілі ғалым Зейнолла Сәнік Бейсенғали Садыханмен бірігіп жазған «Қаракерей Қабанбай» батыр еңбегі Қаракерей Қабанбай батырдың әскери өнерін, айла тәсілін керемет суреттейді. Еңбек 1991 жылы «Жазушы» баспасынан Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдығына арнайы шығарылған. Зейнолла Сәнік Қытай Халық Республикасының Шыңжан ұйғыр автономиялық ауданыдағы белгілі ғалым. Қабанбай батырдың ұрпағы. Қабанбай батырдың тарихын зерттеуші. Қалың оқырманға Қабанбай батырды танытушылардың бірі.

Зейнолла Сәніктің «Қаракерей Қабанбай» еңбегінде Қабанбай батырдың соғыс тактикалары жақсы суреттелген. Иә, еңбекте Қабанбай батырдың өміріне қатысты көп мәліметтер бар. Бірақ мақала Қабанбай батырдың соғыс жүргізу тәсілдеріне арналғандықтан осы мәселеге тоқталып отырмын. Атап өтсек жауды өзін-өзімен соғыстыру, жауды отпен орау. Осы екі тактикада да батырдың әскери өнерді жақсы меңгергені жазылған. Соғыс өнерін жақсы меңгермесе жауды өзімен өзін соғыстыру мүмкін емес ғой. Шайқас барысына көмірді қолданып жаудың қамалын алу арқылы асқан шеберлік. Осы жайлы кітапта мынандай мағлұмат бар. Қабанбайдың он мың басы болып даңқы артып тұрған шағы екен. Ақыры ары ойланып, бері ойланып жау қамалын бұзудың амалын Қабанбай ойлап табады: ең әуелі бір атқа қом салып екі қап көмір теңдейді, содан соң, көмірге от жағады, көмір жанып әбден лаулаған мезетте атты айдап жібереді. Оттан қашқан ат зымыраған беті жау ішіне кіріп кетеді, ат шапқан сайын от одан сайын әрі үдейе түседі. Түн ішінде жарқылдаған оттан қорқатын моңғолдар айдаһардай атылып келе жатқан «керемет» оттан зәресі ұшып «бұрхындардарына» сиынып қорғаштай береді. Осы ораймен қазақтар жау қамалына қарай лап қойып, қамалдың тас-талқанын шығарады[5,71-73]. Бұл айладан батырдың жауын біліп, салт-дәстүріне қанық, сенімін танитынын білетінін байқаймыз. Осы сенімін білген соң жауға түнде отпен үрей тудырып отыр. Яғни, Қабанбай батыр жауын бес саусақтай білген. Жауын біле білген адамға бұл аса дарындылық. Соғыс барысында жаудың әлсіз жағын іздеу, оны мейлінше пайдалану - өзіңді жеңіске біраз жақындату. Психологиялық шабуыл соғыс жүргізуде әлі күнге дейін қолданатын әскери өнердің бір саласы, құрамдас бөлігі. Ешбір соғыс психологиялық үрей тудырусыз өтпейді. Ең бастысы біз бұл мәліметтен қазақтардың жауларына психологиялық үрей тудыра алғанын айқын байқаймыз. Өзінің айласына қарай Қабанбай батыр психологиялық үрей тудыруды соғысқа мейлінше пайдалана білген батыр болғанын байқауға болады. Сондықтан да Қабанбай сарбаздан сардарға дейін көтеріле білді. Соғыста жүріп, айла-тәсілдерді үйреніп, оны өзінше пайдалану Қабанбай батырды соғыс өнерін мейлінше білгендігін ғана емес оны түрлендіре білгендігінен танымал етті. Сардар үшін жауынгердің бас амандығы маңызды. Шайқаста мейлінше аз шығынмен шығу сардар үшін маңызды. Сол үшін сардар айла-тәсілдерді жақсартып отыру керек. Қабанбай батыр сардар болғанда соғыс тәсілдерін жаңартып отырды. Оған жоғарыда аталған қазақтардың моңғолдарға қарсы көмірді пайдалануы мысал бола алады.

Иә, өз кезегінде Қазақ батырларының соғыс әдістері айрықша болған, әр-түрлі соғыс тактикасын, соғыс тәсілін пайдалана білген : «Үш тоғыс соғысы», «Қаша ұрыс салу», «Екі аша соғысы», «Жүре соғыс», «Жекпе-жек соғыс», «Үлкәр жәрік соғысы», «Ошақ соғысы», «Қоян-қолтық соғыс», «Ай қораланды соғыс», «Қоян қашты жасау», Шұбыртпалы соғыс», «Аламан соғыс, «Хилар соғысы», «Дода соғыс», «Құйрық жеу соғысы», «Ұры соғыс». Қабанбай батыр әр соғыстың тәсілін, үйретіп отырған жеңіске жету мен соғыс тактикасын басты әдісі ретінде тұтқиылдан шабуылға шығуға баса көңіл бөлінді. Жекелеген жүздіктер мен мыңдық жасақтардың қимылдары бір мақсатқа бағытталды[6]. «Ай қораланды» – қазақ әскерінің жоңғарлармен қақтығысында көп қолданылған әдістерінің бірі. «Ай қораланды» тәсілі – жауын айналдыра сырттан қоршап алып, содан соң біртіндеп қыса түсу. Мысалы, 1726 жылғы Сарысу өзені бойындағы Айран төгілген деген жердегі қазақ-жоңғар айқасында қазақтар жағы осы әскери әдісті пайдаланған. «Қоян қашты» – өздері әдейі қашып, бөлініп қуған жауды қоршап алып, жойып жіберу. Алдыңғы әскер легін жау көріп қалса, оған жақындап барып, садақпен бірнеше рет атқан. Жау сескенбесе, оны алдау үшін кейін шегініп, негізгі әскердің торуылына ілестіріп келген, сөйтіп, қоршауға түсірген. Егер жаудың күші аса басым екеніне көзі жетсе, одан бір немесе екі күндік жерге қаша шегініп кетіп, басқа жасырын жолға түсіріп, торуылдай жүріп, қырғынға ұшыратқан. Егер бұл әдіспен ала алмаса, он-он екі күндік жерге шегініп кетіп, қауіпсіз бекіністі жерге орналасып алып, бөлшектеніп жеткен жауды жеңу амалын тапқан. Бұл амал да 1726 жылғы Айран төгілген деген жердегі ұрыста қолданылған. Бір атап өтерлігі, Аңырақай шайқасында қазақтардың негізгі қаруы садақ, найза, қылыш, айбалта, қанжар, арқан болғандықтан, олар отты қарумен сақадай сайланған жоңғарды жеңе алмауы да мүмкін еді. Бірақ, Әбілхайыр бастаған қазақ батырларының жауды көпшілік жағдайда қоршауға алып, жеке-жеке жойып жіберіп және жаудың тылмен байланысын үзіп тастап отыру тактикасының арқасында жеңгені белгілі[7]. Яғни, қазақтар көшпелі жағдайда өзіне тән соғыс тәсілдерін пайдаланып, оны қолданысқа ендіре білген. Белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділов өзінің Қаракерей Қабанбай батырға арнаған Дарабоз тарихи роман-дилогиясында қазақтардың қытайлықтарға қарсы «қасқыр қамау» әдісін қолданғанын айтады. Аталмыш еңбекте Қабанбай батырдың XVIII ғасырдағы қазақ даласына басып кірген жоңғарларға, қытайлықтарға, қырғыздарға қарсы соғысқа қатысқандығы айтылады[8,71б]. Қабанбай батырды XVIII ғасырдағы соғыстарсыз айтып өтпеу мүмкін емес. Қабанбай батырдың 103 шайқасқа 103 рет қатысқандығы шындық болар. Қабанбай батыр соғыстарға қатысып ғана қоймай, соғыста көшпелілердің ұрыс жүргізу айла-шарғыларды пайдаланып, жаңғыртып, өз тәсілін қоса білді. Бұған жоғарыда аталған мысалдар дәлел. Яғни, Қабанбай жәй ғана батыр емес тактик батыр десек болады. Қазақтың әскери өнер тарихында Қабанбай батырдың өз орны бар. Менің ойымша Қабанбай батырдың тактикасы әскери өнер саласында айтылып өту керек. 2013 жылы балдырғандарды қазақ батырларымен таныстыру мақсатында Батырлар сериясымен анимациялық фильмдер түсірілген еді. Осы анимациялық фильмде Қабанбай батырдың болмысы жақсы көрсетілген. Енді жасөспірімдер мен орта жастағы адамдарға арналған Қабанбай батыр бойынша 12 сериялдық фильм сұранып тұр деп ойлаймын. Сонда қалың оқырманға Қабайбай батыр соғысты жүргізу тәсілдері кеңінен ашылмақ.

Пайданылған әдебиеттер

1. Қабанбай батыр kk.wikipedia.org

2. Еңсенов Қ Қабанбай – қолбасшы, батыр және мемлекет қайраткері history-state.kz 2019

3. Қабанбай батырдың ерлігі, әскери өнері және соғыс тәсілі vk-com˃wall416149811_399

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2010. – 768 бет, суретті, карталы

5. Сәнік З, Садық Б Қаракерей Қабанбай Аңыз, зерттеу, қиссалар – Алматы: Жазушы. 1991

6. Қарамандаев Қ Қабанбай батырдың ерлігі, әскери өнері және соғысы тәсілі alashainasy.kz 2015 ж.

7. Оспан Е Дәстүрлі қазақ әскеріндегі ұрыс тактикалары туралы не білеміз? baribar.kz

8. Жұмаділов Қ Дарабоз. Тарихи роман-дилогия. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. 2- кітап. – 416 б

Бірнеше жыл бұрын конференцияға жіберілген мақала үзіндісі

Автордан

Сурет жеке мұрағаттан алынды