LS педагогикалық үрдісі - тәжірибеден нәтижеге жеткізетіндігі анық

Жетісу облысы Талдықорған қаласы Сайын Мұратбеков атындағы мектеп дейінгі шағын орталығы бар №9 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

№16 Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есеп

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсілі.

«Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде» деп қазақ халқының ұлт ұстазы деңгейіне көтерілген Ы. Алтынсарин айтқандай – жаңашылдық бұл ізденіс. Егер ізденіс педагогикалық жұмыспен үйлесін тапса – онда жеміс беретіндігі анық. Лессон стади педагогикалық үрдісіне белсене қатысып жүрген біздің топта – қадамдап нәтижеге жетіп келеміз. Әрине, Лессон стади үрдісі циклге бөлнетіндіктен – бірден нәтижеге жете алмайсыз. Үздіксіз топтық сараптау керек.

Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;

Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін:

L.S. зерттеу тобын құрдық. №16 Зерттеу тобының мұғалімдері - Икласбаев Д, Абишова Ш, Ибраева Т, Арқалық Ғ, Акажанова А,Умирбаева Р

Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 7«Б» сыныбын алдық.

Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа орыс тілінен сабақ беруді жоспарлап отырған пән мұғалімі – Акажанова А. А-ның сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды.

Зерттелетін сыныптың мұғалімімен, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Акажанова А. А №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда инфографикамен жұмыс істеуді, қалыптастыруды басты назарда ұстадық.

Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.

Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.

№1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын бір бақылаушы болды.

№1 зерттеу сабағы 14 қараша 2023 жылы өтті. Сабақтың тақырыбы «Н. А. Зоболоцкий «О красоте человеческих лиц»» болды. Оқушыларға инфографика берілді, тапсырма инфографикада не көрсетілген, қандай мәліметтер берілген, түсінігін өз сөзімен айтып жеткізу. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін тек берілген мәліметтерді оқумен шектелді. С оқушысы – сыныптастарының жауабын қайталаумен шектелді. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынын қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық. Сөйтіп, «ПОПС» әдісін қолдануды жоспарладық.

Жалпы, Лессон стади педагогикалық үрдісі

· Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

· Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

· Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

· Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

· Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

· Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

· Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

· Оқушының оқуы жақсарады.

· Функционалдық сауаттылығы дамиды.

· Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің мектепте педагогикалық тұрғыда оқушылардың білім деңгейін түрлі әдістермен түсіндіру тәжірибесі - сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу командалық сенімділіктің белгісі секілді .Біз, бірнеше жылдар бойы Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткізіп келеміз. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Үздіксіз кеңесу – педагогикалық қарым-қатынасты нығайтады сенімдеміз. Лессон стади педагогикалық үрдісіне үйреніп қалған біздың ұжым үшін, бұл жаңалық емес, үйреншікті әдетке айналған дүние секілді.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шығыармашылық қауымдастығы деп айтсақ - дәл айтқанымыз болар.

Біздің Лессон стади әлі де өзінің қадамын жалғастыра береді. Мақсатымыздың орындалғанын Лессон стади үрдісінің 4 сабағын өткізгенде көреміз

Топ модераторы: Ықыласбаев Д. Ә

Топ хатшысы Акажанова А

Жетісу облысы Талдықорған қаласы  Сайын Мұратбеков атындағы мектеп  дейінгі шағын орталығы бар №9  жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі №16 Lesson study зерттеу сабағы...

Жетісу облысы Талдықорған қаласы  Сайын Мұратбеков атындағы мектеп  дейінгі шағын орталығы бар №9  жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі №16 Lesson study зерттеу сабағы...-2

Жетісу облысы Талдықорған қаласы  Сайын Мұратбеков атындағы мектеп  дейінгі шағын орталығы бар №9  жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі №16 Lesson study зерттеу сабағы...-3