Ежелгі Мысыр патшалығының ХІХ әулетінің 3 перғауыны Рамзес ІІ - Мысыр патшалығындағы ұзақ басқарған перғауындардың бірі. Көптеген қалалар мен храмдар салуымен тарихта қалған. Тарихтағы тұңғыш бейбіт келісімді жасаушылардың бірі.
Бірақ өзі салғызған храмдар мен қалалардағы мадақтаулардың - шынайылыққа жақындай бермейтіндігі тарихтан бірнеше рет дәлелденген.
- Соның бірі Кадеш шайқасындағы Мысырлықтардың жеңісі
Б.з.д. 1274 жылы Хетт патшалығы мен Мысыр патшалығы арасында болған үлкен соғыс Кадеш шайқасымен аяқталған болатын.
Осы оқиғаға байланысты Рамзес ІІ перғауынның бұйрығымен Луксордағы Рамессаума сарайындағы плиталарында суреттелген. Бұл сурет бойынша Мысырлықтар Хеттіктерді жеңген. Жеңіске шешуші рөлді Рамзес ІІ перғауын қосқан. Плиталардағы жазбаларға қарап Рамзес ІІ - жауларын өзі жалғыз жеңіп жатқанын байқауға болады. Ежелгі Мысырда жеңіске арналған "Пентаур дастаны" жазылған.
Шындығында Рамзес ІІ перғауын Хеттіктердің қоршауына түсіп қалған.
Хетт жазбалары - Мысырлықтардың жеңілгендігін баяндайды.
Кадеш шайқасын - Рамзес ІІ перғауынмен емес оның әкесі Сети І перғауынның кезімен байланыстыратындарда бар. Кейбір зерттеушілер Рамзес ІІ әкесімен бірге басқарған уақыттағы шайқасты өзіне бейімдеп алған деп айтатындар бар.
Рамзес ІІ бұйрығымен салынған храмдардағы жазбаларға сүйенген тарихшылар 3000 жылдан астам уақыт, Кадеш шайқасында - мысырлықтар жеңді деп ойлаған. Бірақ бұл тоқтамға хетт деректерімен күдік келтірілуде.
Әлбетте, Рамзес ІІ перғауын - Кадештегі жеңілісті жеңіс ретінде таныстыруда, өзін таныстыруды, тарихта қалдыруды, тарихи оқиғаны бұрмалауды көздеген болуы мүмкін.
- Екіншісі, Мысыр перғауыны Рамзес ІІ мен Хетт патшалығының ханшайымының тойына - Хетт патшасының өзінің келуі. Ғалымдар бұл мәліметке күдік келтіреді. Себебі, Хетт патшалығы мен Мысыр патшалығының билеушілері бірдей деңгейде болған. Егер бір-біріне саяхаттап барған жағдайда - өз дәрежесін түсіруші еді.
- Үшіншісі, Хеопс перғауының пирамидасына жақын жердегі Сфинксті қазып алуы туралы аян. Аян берілуіде - берілмеуіде мүмкін. Тіпті Рамзес ІІ перғауынның Сфинкстың құм мен топырақтың астына қалғандығын баяғыдан білуіде мүмкін. Сфинксті Тутмос IV аршып алғаны жайлы стелла бар. Рамзес ІІ оны қайта аршыды деген жорамал бар.
Жалпы, Мысырда - Рамзес ІІ тарапынан салынған храмдар көп. Рамзес ІІ перғауынға арнап салынған жазбалардың - көпшілігін қазіргі кезде талдап болды. Біразы тарихи сүзгіден өтті
Суреттер ғаламтордан алынды