1822-1824 жж. Ресей империясы тарапынан қабылданған "Орынбор қырғыздарының жарғысы" мен "Сібір қырғыздарының жарғысы" қазақ даласында хандық билікті жоя отырып, мемлекеттілікті жойған болатын. Бұл жарғылар бойынша жайылымдық жерлер округ аясында шектеліп - қазақ шаруаларына өз малын жаюға қиындық туғызған болатын. Округтардың құрылуымен олардың әкімшілік орталығын атқаратын бекіністерде тұрғызылған болатын. Осы бекіністерді тұрғызу мақсатында - қазақ көшпелілерінің жері тартып алынған болатын. Бекіністерді тұрғызу мақсатында әскери отрядтардың келуі де қазақ көшпелілеріне үрей туғызды.
1825 жылдан бастап округтардың құрылуына Абылай ханның ұлы Қасым әулеті қарсылық білдірген болатын.
Саржан Қасымұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске шықты.
Бұл көтерілісті 1837 жылдан бастан Кенесары Қасымұлы басқарды.
1837-1847 жж. созылған Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыстың шырқау шегі 1841 жылы хан сайлап, қазақ мемлекетін қалпына келтіру болды.
1841 жылы Ұлытау өңірегінде жиналған дала ақсүйектері, көтерілісшілер - Кенесары Қасымұлын ақ киізге отырғызып, қазақ мемлекетінің ханы деп жариялады.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы тұру уақытында өмір сүрген бұл мемлекет - аз уақыт өмір сүрді.
Хан төңірегіне жиналған батырлардан құралған ханкеңесі үнемі шақырылып отырды.
- Сыртқы басқыншыларға қарсы тұру мақсатында тұрақты әскер енгізілді
- Салық жүйесі жүйеленді
- Орталық Азия хандықтарымен әсіресе, Хиуа, Бұхара мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынасқа түсті
- Қазақ әскері тұрақты түрде мылтықпен тіпті Орталық Азия мемлекеттерінен сатып алған зеңбіректермен қарулана бастады
Өкінішке орай, Кенесары Қасымұлы қозғалысы мемлекеттілікті қорғап қалу мақсатында үш мемлекетпен соғысып (Ресей империясы, Қоқан хандығы, Қырғыз манаптығымен) жеңіліс тапты
1847 жылы Кенесары хан Қырғыздармен болған шекаралық қақтығыста қаза тапты. Ол қалпына келтірген Қазақ хандығы Ресей империясымен жойылды
Сурет ғаламтордан алынды