Кіріспе
Жоба басқару саласында оқып жатырған мамандар, студенттер білімін сынайтын арнайы жоба басқару профессионал атағын ие болуға мүмкіншілік ашатын PMP-емтиханы бойынша білімін тексеріп соңымен қатар әлем бойынша білім сапасын анықтайтын маңызды сертификатка ие бола алатын емтиханы болып табылады. Жоба басқару жобасы ол тек қана нақты жобаларды басқару да ғана емес сондай-ақ жұмыс ұйымдастыру білімін қамтиды. Сол себептен біздің еліміздегі жоба басқару яғни толыққанды айтқанда " project management" саланы оқып жатқан мамандарға әрқашанда қолдау көрсеткен дұрыс деп есептеймін. Себебі біздің жұмыс ұйымдастыру қабілеттеріміз дамуы еліміздің өсіп өнуіне толыққанда үлес қосады. Сертификат көптеген мекемелерде әртүрлі мамандықтарда жұмыс жасап, өзің профессионал тұрғыда жетілдіреді. Емтиханға дайындалу процесі осы салада білімін жетілдіруге, адамдармен қарып қатынас ұстап, қолдау алып оны беруге көптеген мүмкіншілік ашатын іс-қимыл деп есептейміз. PMP - емтиханға дайындалу бір сөзбен айтқанда өз білім сапасын әлемдік деңгеймен салыстыра алады, қазіргі қолданылатын оқу кұралдарымен таныса алады сондай сертификат алу арқылы әртүрлі мекемеде жұмыс істеп көптеген тәжірибелер алады. Емтиханға дайындалу үшін терең білім алып қана қоймай әртүрлі сертификаттандырылған тренинг курстарна қатысу қажет менім ойымша осы базалық курстта белсенді қатыса отырып, берілген материалдар бойынша жұмысансақ өзіміз де жетіп оқи аламыз. Осындай PMP - емтиханына дайындалу барысында жасалған ішінде керекті материалдарға толы сіздерге қазір ұсынып отырған оқу құралы білімді тереңдетіп оқуға таптырмас мүмкіндік. Осы оқу құралы сізді емтихан тапсырған адамдардың тәжірибесіне толы қарапайым сөзбен жазылған мәлімттер топтама.
1 бөлім Емтихан сұрақтары туралы қысқаша
РМР емтиханы Қазақ Елінде маңыздылығы және сұранысы көтеріліп келе жатқанына байланысты, мен қазақ тілінде мәлімет іздеген адамдарға қысқаша ақпарат бергім келеді. Әзірше, емтихан сұрақтарынан бастап көрейік. РМР емтиханына арналған сұрақтарды ең біріншірет көрген кезде сұрақтардың бәрі өте қиын, әрі түсініксіз болып көрінеді.
Егер көп ойланбай сұрақтарға жауап берумен тым қатты айналысып, салынып кетсек, онда прогрессымыз жәйлап қалып, энергиямыз азайып, шаршап кетеміз. Былай қылған дұрыс – сұрақтарға жақынырақ қарап, талдап қарау керек. Сол кезде келесі заттарды байқаймыз:
РМР емтихан РМВОК-тың ішінде жазылған және оқығаннан кейін есімізде қалған мәліметті тексермейді. Бұл емтихан біздің санамызға кірген PMI менталитетін тексереді, яғни біздер әлемдік деңгейдегі Жоба басқарушысы сияқты ойлап, шешім қабылдай аламыз ба? Сол себептен бір екірет оқып, есте сақтап алғанға сүйену дұрыс болмас.Сұрақтардың көбі бір белгілі жағдай болған кезде дұрыс таңдау жасап, тиімді шешім қабылдау туралы. Ондай сұрақтардың қалай құрастырылғанын, неден тұратынын зерттеген абзал (ол туралы да жазармыз кейінірек). Жауап нұсқалары да бөлек жыр. Олардың бәрін оқып шыққанымыз дұрыс, себебі төрт нұсқаудың арасында біреуі мүлдем дұрыс емес, басқасы өте жақсы үйлесетін нұсқа, жақын нұсқа, сосын солардың арасында дұрыс нұсқа болатыны шындық. Адам асығамын деп, дұрысқа жақын, бірақ қате нұсқаны алып қоюы әбден мүмкін. Сол себептен бәрін асықпай оқу керек. Процесстерді, яғни қай процесстерде не болатынын, анықтау керек сұрақтар. Осындай сұрақтар қай процесстерде қандай құжат, қандай құрал және қандай іс әрекет жасау керектігін білетініңізді тексереді.Формуланы есіңізге түсіріп жіберіп, берілген сандарды сала қойып, есептей салатын да сұрақтар болады. Тұзақтары (ловушки) бар сұрақтар да жетеді. Олар тек білімді тексеріп қоя бермес, онымен қоса сізді аздап шатастыруға тырысады. Ол туралы да бөлек жазуымыз керек негізі.Терминдерге қатысты біліміңізді тексеретін сұрақтар да бар. Ол да бір қарағанда оңай болып көрінгенмен, шындыққа келгенде оңай шешіле қоймайды.
2 бөлім Жоба басқару саласын оқығанның құндылығы
Жоба басқару саласын оқып сауат алғанның бір пайдасы туралы айтып кетсек. Он жылдан астам уақыт үлкен корпорацияда жасағаннан кейін біздің заманға ең қажетті қабілеттердің бірі жұмыс ұйымдастыра білу шеберлігі екенін ұқтым. Қай бағыттағы маман болсаңыз да (механика, өндірісті пайдалану, тоқ жағынан ба немесе құрылысқа қатысты жұмыстар) және қай деңгейде қызмет етсеңіз де (мысалы, инженер болуыңыз мүмкін, бөлімнің басшысы боласыз ба, немесе бір саланың координаторы болған жағдайда да), жұмыстың мақсатын анықтап, керекті мамандарды жұмылдырып, мақсаттарды және жұмыстың барысын анық етіп түсіндіріп, іс әрекеттерді жоспарлап, ресурстарды алдын ала қарастырып және соны жеткізіп, уақытымен есепті айдай анық қылып беріп, жалпы жұмысты жүргізе білу бір бөлек өнер болып табылады десек қателеспейтін сияқтымыз. Мен кезінде жас маман болып, жоспарлау кеңесшісі болып жұмыс жасап жүрген кезде, халықаралық тәжіребесі бар мамандар жұмыс ұйымдастырған кезде түрлі түрлі құралдар мен әдістерді қайдан таба қояды екен, деп көп таң қалатын едім. Сосын бірақ оқыған соң, Жоба басқару курстарын өте бастағанда неше түрлі жоспарлауға, рисктерді анықтауға және де тағы да басқа пайдалы құралдарды тауып ала бастағаным рас болатын. Тап осы жұмыс ұйымдастыру құралдары мен процесстері маған жұмысыма және жалпы сегіз қырлы бір сырлы маман болуға өте қажетті болып көрінгеннен кейін мен Жоба басқару саласын оқып көрейін деген ойға келдім.
3 Бөлім Дайындалу жолындағы құралдар
РМР емтиханына мен 2019 Желтоқсан айынан бастап 2020 жылдың Қазан айына дейін дайындалдым. Осы дайындық жолында мен қандай құралдар және ресурстар пайдаланғаным туралы сіздерге қысқаша айтып кетейін.
• Ең бастысы мен PMBOK кітабының 6-ы басылымын бір-екірет оқып шықтым. Оңай болған жоқ, бірақ енді онда жоба басқаруға керекті процесстер мен құралдар жақсы суреттелген. Сіздерге онымен қоса 7-ші басылымын да оқыңыз деп кеңес беремін.
• Ең маңызды және іргелі ресурс болған мен үшін Rita Mulcahy деген маманның РМР емтиханына дайындалуға арнап жазылған оқулығы. Осы кітап емтиханға керекті барлық теориялық материалды бастың ішінде текшелеп, әр құралды және әр процессты орын орынына қоюға көмектеседі. Осы кітапты екірет оқып шығу – емтиханға дайындықтық жартысына тең деген ойдамын. Және де осы оқулықта білімді сынауға жақсы құрастырылған көптеген сұрақтар да бар.
• Тағы да бір маңызды құралдар – ол симуляторлар. Мен өзім Rita және prepcast деген симуляторларды белсенді қолдандым. Симулятормен сұрақтарға жауап берген кезде артынан дұрыс жауабын алғанда мен әр нұсқалардың астында берілген түсініктемелерді оқып жүрдім: неліктен бұл нұсқаулық дұрыс емес болды, неге мына нұсқа дұрыс болып шықты? Осы симуляторлар әр тақырып бойынша білім тексеруге мүмкіншілік береді. Сол себептен мен Эксель файл ашып алып, әр тақырып бойынша, күнін көрсетіп, нәтижелерімді тіркеп жазып отыратын едім. Сонда мен қай салада білімім тереңдеп келе жатыр, қай салада дұрыс болмай тұрғанын анықтап отырдым.
• Емтихан жолында маған жақсы көмектескен Youtube паракшасындағы Рикардо Варгас деген азаматтың бейнелері. Ол бейнелер үрдістердің, яғни процесстердің жұмыс жасауы туралы түсініктеме беретін еді. Ол тақырып туралы бөлек жазғым келіп тұр.
• Қолым бос уақытында Youtube сайтындағы РМР емтиханына және Жоба басқару саласына қатысты түрлі видеоларды тыңдайтын болдым. Тіпті басқа заттардан мүлдем бас тарттым. Кино қарауды толықтай тоқтаттым: тек қана жаңағы белгілі тақырып.
• Формулаларды бөлек қағазға жазып қойдым. Қарай-қарай олар да жатталып, есте сақталып қалады екен.
4 бөлім Бір маңызды шешім
РМР емтиханына дайындалып келіп кеткенде процесстердің кестесімен таныстым. Онда 49 процесстың сипаттамасы берілген екен: соның ішінде барлық кірісте пайдаланылатын заттар, жүзеге асыратын құралдары бар және белгілі сол процесстың беретін нәтижелері.
Аталмыш кесте тек процесстерде суреттеп қоймайды екен, ол сол процесстерден тұратын тұтас жүйе қалай жұмыс жасайды екен, құралдар мен құжаттар бір бірімен қалай қарым қатынаста болатынын да айтып береді екен, әрине, сабырлы боп ұға алатын адам үшін. Емтихандағы сұрақтардың жартысынан көбі сол процесстерге негізделген сұрақтар екен. Сол себептен осының бәрін ескеріп тұрып бір маңызды сұраққа келдім: Осы процесстерді жаттап алу керек пе әлде түсініп алу керек пе? Осы сұраққа жауапты ешкімнен де еш жерден де таппадым.
• Сол себептен, түсініп алған жетер деп, дайындалып қарадым, бірақ онымен болмады. Симуляторларда процесстер, олардың құралдары және бір бірімен қарым қатынасы туралы сұрақтар өте жиі кездесетін болып шықты. Сол себептен “былай түсініп алсам болды ғой” деген ұстаным үйлеспейді екен.
• Содан мен жаттап алайын деп ойладым да, жаттауға кірісіп кеттім. Бірақ ол да ешқандай керемет нәтижеге әкеліп соқтырған жоқ - жаттау үшін материал ыңғайсыз және тым көп. Сонымен қоса, пайдасы да зор емес екен. Бұл жол да үйлеспеді.
• Түбінде керекті тәсіл таптым - әр процессты бөлек сынау және талдау. Варгас кестесін шығарып қойдым үлкен форматпен, сосын жатақханадағы бөлмемде іліп қойдым. Күн сайын он немесе он бес минут уақыт бөліп екі-үш процессты алып талдайтын болдым: “бұл процессте неге осындай құрал бар? ол не пайда әкеліп тұр? осы құралды осы жерден жойсақ, осы процесс жұмыс жасайды ма? Менің мекемемде қандай құралдар бар екен осыған ұқсаған?”. Осындай сұрақтар қойып күн сайын кестенің алдында тұратын болдым.
• Сосын симуляторларда арнайы, тек қана процесстерге қатысты білім тексеру опциялары да болады екен. Осы жолмен де жақсы дайындалуға болады екен.
• Сүйтіп, күн сайын екі-үш процессты талдау және симулятормен арнайы процесстерге арналған тесттер шешудің арқасында осы сұрақты да жабуға тура келді РМР емтиханына дайындық кезде.
5 бөлім Емтихан сұрақтарындағы тұзақтар
Емтиханға дайындық кезінде теориялық материалдарды оқып болғаннан кейін, есте сақтаған білімін ескеріп отырып, адам баласы симуляторларда сұрақтарға жауап беріп жаттығады. Сол кезде өте жиі келесі жағдайлар орын алады: адам біліп тұрып, өзі дұрыс деп есептеген нұсқаны таңдап, еш күмәнсіз жауап береді, сосын неге берген жауабы дұрыс болмай шықты деп таңғалады. Міне, мына жерде РМР емтиханының сұрақтарының ішіндегі тұзақтар (ловушка) туралы айтуға тура келеді. Бүгін біреуін қарап жіберейк.
Келесі жайт жиі кездеседі. “Осындай, осындай жағдай жобада орын алыпты, енді жоба менеджері ең бастысы не істеу керек” деген сұрақ тұрады. Сосын жауап беретін адам оқыған және жаттаған процесстерін “қалай болушы еді” деп есіне түсіреді. Әрине, жақсы дайындық жасап жатса, ол тез арада дұрыс деп санаған нұсқасын таңдайды. Сосын сұраққа жауап берген соң, оның берген жауабы дұрыс емес болып шыққаннан кейін, адам, бәрін дұрыс анықтағандай болдым ғо, неге дұрыс емес екен деп таңғалады. Не себептен біз осындай жағдайға келдік? Оны былай түсіндіреміз. РМР емтиханының сұрақтарында “енді не істеу керек” деген тәсілмен қойылған сұрақтар көп. Бірақ бір тұзақ бар: “енді не істеу керек” деген сұрақтың түрі бар: бір түрінде ол келесі қандай процесс бастап, қандай құрал пайдалану керектігі туралы болса, ал басқа түрі - осы жағдай орын алған кезде ең бірінші кезекте жасалатын іс әрекет туралы болады. Сол сұраққа мұқият қарасақ, байқаймыз - “ең бірінші кезекте……осылай жасау керек” деген немесе осыған ұқсас сөздер тұрады. Сол себептен осы сұрақтың жауабы - келесі процесс емес, тез арада жасалатын қадам. Мысал келтірейік…
“Жобада белгілі бір кезеңде осындай жағдай орын алып, бір қиындық туып жатыр екен. Жоба көшбасшысы не істеу керек осындай жайтта?” деген сұрақ тұрады. Сол кезде процесстерде және нұсқаулықтарды білетін адам біліміне сүйеніп, PMBOK процесстері бойынша дұрыс қадам көрсетілген нұсқаны таңдайды. Енді, қараңыз, мынадай, осыған ұқсас сұрақ тұрады. “Жобада белгілі бір кезеңде осындай жағдай орын алып, бір қиындық туып жатыр екен. Жоба көшбасшысы ЕҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ не істеу керек осындай жайтта?”. Осыны оқыған адам, әдеттегідей, процесстерге сүйеніп, келесі жасалатын қадамдар туралы нұсқаны таңдайды да, сосын ол дұрыс болмай шыққасын таңғалады… Ал оның жауабы келесіде… Жоба басқару қағидасы бойынша, Жоба менеджеры қиындық туған кезде сол бойда проблеманы арнайы журналға тіркеп қою керек екен, ал сосын кең түрде нұсқаулық немесе үрдіс бойынша процесстерді қолданып, сол қиындықты жоюға кірісіп кетеді. Сол себептен осындай сұрақтардың тұзағы - ЕҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ деген сөзде.
Сөздің қысқасы: РМР емтиханының сұрақтарымен жұмыс жасаған кезде ПРОБЛЕМАНЫ ШЕШУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ЕҢ БІРІНШІ ЖАСАЛАТЫН ҚАДАМ? немесе КЕЛЕСІ ІСТЕЛЕТІН ІС сияқты фразаларға назар аудару керек!
Осыған дейін бірнешерет айтқандай, РМР емтиханының сұрақтарында түрлі жағдайларға арналған ситуационный сұрақтар көп. Олардың түрлері көп, күрделі боп көрінгенмен, анатомиясы, яғни іш құрылысы айдай анық: ең бастысы, сіздің рөліңіз туралы айтылады, сосын жағдай туралы сипаттама беріледі, сол жағдайдың ішінде нақты проблема туралы әңгіме жүреді де, сосын сұрақ түбінде “не істеу керек” деген сауалмен аяқталады. Мысалы: “Сіз осындай-осындай жобада Жоба менеджеры лауазымына жаңа тағайындалған мамансыз. Жоба жоспарлау кезеңінде жүріп жатыр. Дизайн жағын қарап жатқан кезде осындай белгілі бір қиындық туыпты. Осындай осындай жағдай орын алыпты. Осы сұрақты шешу үшін қандай құрал пайдаланып не істеу керек?” деген сұрақтар болады. Осы мысалды көріп тұрсаңыздар, адамның рөлі, жағдай және сұрақ бар. Ал осындай сұрақтарға жауап табамын деп, толық сұрақты оқымай, асығыстық танытатындар болады. Неге олай болады? Себебі адамдар, тез, уақыт үнемдеймін деп, сұрақтардағы мәселелерді бір-екі негізгі сөздерден анықтап аламын да, сосын тез жауап бере саламын деген қағиданы ұстанып қарағысы келеді. Осы жерде түсіп қалатын тұзақ/ловушка бар. Сұрақта орын алған жағдайды суреттегенде анда-санда екі проблема беріледі: біреуі тек жәй назарды бұрып жіберу үшін берілсе, ал екіншісі - нағыз сол сұрақта талданылатын және жауап талап ететін проблема. Емтихан тапсырушы қателесіп, мүлдем қатысы жоқ проблеманы ескеріп, жаупты соған іздеп кетуі мүмкін. Ал мұқият қараса, жағдай басқа жақта жатыр. Мысалы, осылай болуы мүмкін: Сіз жаңадан келген Жоба басшысысыз.
Сіздің мекеме жаңа офис салатын орын іздеп қиналып жатыр. Жоба кезінде спонсормен бірге жобаның Уставын/жарғысын жасап жатыр екенсіз. Осындай-осындай қиындықтар болып жатыр екен. Сіз не істейсіз? Көрдіңіз бе? Мында офис салатын орын іздеу туралы назарды бұратын деталь берілген. Ал мәселе басқа жердегі қиындықта жатыр.
Қысқа да нұсқа қорытынды жасасақ, былай болады:
Кейбір адамдар уақыт үнемдеу үшін сұрақтағы мәселені оқымауға болады деп тек соңғы сөйлемді оқу керек дейді - ол дұрыс емес: сұрақты толық оқу қажет!
Егер соншама уақытты үнемдегіңіз келіп тұрса, сол сұрақты біррет, бірақ өте мұқият, оқыңыз. Сонда қайтадан оқу қажет болмайды.
Ал менің кеңесім: ең бірінші сұрақтың соңында берілетін, не керек боп тұрған сауалды оқыңыз, не сұрап тұр бұл сұрақ. Сосын барып сұрақты толық оқыңыз. Сонда Сіз, не сұрап тұрғанын алдын ала біліп, сұрақтың мәтініндегі проблемаларды анық көресіз.
6 бөлім PMP емтиханына арналған сауалнаманың (анкета) бір маңызды сыры
Егер Сіз РМР емтиханына дайындалу кезеңінде болсаңыз, бүгін кешке уақыт бөліп өміріңіздегі қатысқан және ат салысқан жобаларыңызды есіңізге түсіріп қараңызшы. Кәдімгі қолыңызға қалам алып қағазға түсіріңіз: жобаның атын, қай кезде болғанын, сіздің қосқан үлесіңіз туралы. Сосын бес немесе он сөйлеммен сол жобаларды сипаттап қараңыз, қандай құндылық әкеліп, қандай қиындықты шешкені туралы айтып өтіңіз. Сіз кол кезде бұл өте оңай зат емес екенін байқайсыз. Мен сол 2019 жылы дайындықсыз сауалнама толтырамын деп, тиімсіздік сезіп, ойымды жинақтап аламын деп, уақытша сол анкетаны тоқтатқаным бар. Неліктен олай болды? Себебі дайындықсыз, PMI талаптарымен бірден бұрын болған жобалар туралы жазып шығу келесі себептерден оңайға соқпайды:
• Қысқаша сипаттау керек, себебі сөздердің санында шектеу бар.
• Сонымен қоса ауыз толтырып жоба туралы айтып/жазып беруде кей кезде қиын болып қалып жатады.
• Жазатын сөз тапсақта, шектеу талаптарына сай болсақ та, жобаның түйінін анық қылу да оңай зат болып танылмайды.
Ал осы сұрақ неге маңызды? Неге біз оны бөлек мақала жазып талқылап отырмыз? Себебі айдай анық - жалпы РМР емтиханының сауалнамасын дұрыс толтыру, сапалы мәлімет еңгізу Сіздің анкетаңыз аудит тексеруінен өту/өтпеуіне тікелей әсерін тигізеді.
Сол себептен, егер Сіз РМР емтиханына дайындалуды бастап жатсаңыз немесе бастап кетсеңіз, онда дәл қазір, уақыт бөліп, соңғы жылдары қандай жобалармен айналысқаныңызды есіңізге түсіріп алып, ойларыңызды төмендегі сұрақтарға сүйініп отырып, жинақтауыңызды сұраймын:
• Не жоба? Аты қандай? Аты жоба туралы түсінік береді ме?
• Қандай проблеманы шешті? Қандай құндылық алып келді жоба?
• Мақсаттар қандай болды?
• Не істелді осы жобаларда?
• Сіз қандай рөл атқардыңыз?
• Қай жылдары болды?
Осы жаттығуды кемінде бір сағаттай жасап қарасаңыз, пайдасы зор екенін түсінесіз.
7 бөлім РМР емтиханы: сұрақтар енді өз алдына, ал бөлмеңіз дайынба?
РМР емтиханына дайындық туралы әңгіме жүрген кезде адамдар көбінесе материалдар, сұрақтар және оқу/жаттығу туралы айтып кетеді. Енді ол да дұрыс қо. Емтиханға оқып және есеп шығарып дайындалмағанда, басқа қалай дайындаламыз? Бірақ бүгін, егер Сіз емтиханға дайындалып жатсаңыз, өзіңізге бір сұрақ қойыңызшы: “бөлмеміз дайын ба сол онлайн емтиханды тапсыруға? жалпы қайда/қай жерде тапсыратын болдыңыз?”.
Осы сұрақтарға жауаптар бар ма? Егер әлі таппасаңыз келесі пункттерде назар аударуыңызды сұраймыз:
• 180 сұраққа жауап беру үшін 230 минут отыратын ыңғайлы әрі ойланып, тыныштық сақтауға мүмкіншілік тудыратын жұмыс жасау орыны бар ма?
• Ғаламтор (интернет) байланысыңыз жақсы ма? Ал белгілі бір себептен тоқ сөнсе, ғаламтор байланысы жоқ болып кетсе, қосымша жоспарыңыз бар ма?
• Бөлмеңіз емтихан алдында бейне немесе фото арқылы тексеріледі, сол себептен жарда ақпараттар бар постерлер, суреттер ілулі тұрған жоқ па?
• Сіз емтихан тапсырған кезде, бөлмеңізге біреу кіріп келмейді ме? Егер басқа адам болатын болса, Сізде бейне камераңыз арқылы бақылап отыратын маман, проктор дейді оларды, емтиханды тоқтатуға құқығы бар.
• Сіздің емтиханда пайдаланатын компьютеріңіз дайынба?
• Өз үйіңізде тапсырасыз ба? Әлде бір кеңсе табасыз ба? Мүмкін қонақ үйден бөлме аласыз ба?
Осы сұрақтарды қарап шығып, өз ойыңызбен бөлісуіңізді сұраймын…
8 бөлім РМР сертификаты емтиханының “Бірінші сұрақ” факторы
Былай айтайық… Сіз бірнеше ай бойы РМР сертификатын алу емтиханына біраз уақыт дайындалған екенсіз… Курстар өттіңіз, кітаптар оқыдыңыз, симуляторлардың бірнешесін көріп, мыңдаған сұрақтарға жауап беріп үлгірдіңіз… Құжаттар мен анкеталарды және тағы да басқа маңызды заттарды сәтті аяқтап, емтиханның күніне де жеттіңіз. Сол емтиханның бастапқы сәттерінде ескеретін бір маңызды “Бірінші сұрақ” факторы бар. Ол не туралы? Ол былай білінеді.
Емтиханның ең бірінші сұрағын көрген бойда, адам аздап қапыда қалатыны бар: сол бірінші сұрақ өте қиын болып көрінеді, және сол бірінші сұраққа қарап отырып, адам теріс, бұл емтиханның сұрақтары менің дайындалған сұрақтарыма мүлдем ұқсамайды екен, оқыған материалдарыма келмейді екен деген, тұжырымға келуі әбден мүмкін.
Сол кезде аздап үрей пайда болуы мүмкін. Үрейге жол бермей, осындай жағдайдан тезірек шығып кету керек… Ол үшін әрі қарай, келесі сұраққа
көше беруіңіз дұрыс. Екінші сұрақ та қиын болып тұрса, тағы да келесісіне көшіңіз. Шамамен үшінші немесе төртінші сұраққа келген кезде, сізге бәрі де анық болып, сұрақтар да таныс болып, оқыған материалдармен мазмұн сәйкес келіп, қысқаша айтқанда, бәрі де орын орынына келе бастайды. Ал сосын, асықпай жаңағы тастап кеткен сұрақтарға да қайта айналып келесіз. Сол кезде тап сол ең басында таныс емес, қиын болып көрінген сұрақтар оп-оңай болып көрінеді.
9 бөлім РМР емтиханына дайындық кезіндегі өте маңызды ұстанымдар туралы
РМР сертификация емтиханы Сіздің кітаптан оқып, еске сақтаған біліміңізді емес, сол Жоба басқару материалдарын оқығанның арқасында сіңірген менталитетті, көз қарасыңызды және түрлі жағдайларда пайдала алатын тәсілдеріңізді тексереді, яғни сұрақтар неше түрлі жағдайларда дұрыс тиімді шешім қабылдау қыбілетіңізді сынайды. Осы айтып отырған сұрақта келетін жағдайлар PMI әлемінде орын алып жатқан дүние екенін ескеруіміз керек. Онымен мен не айтқым келіп тұр?
Менің айтқым келетіні келесі жайт… Түрлі ситуацияларға арналған сұрақтарды талдап, дұрыс жауабын іздеген кезде адамның өзінің жеке тәжірибесі алдына келіп, PMI әлеміндегі ұстанымдарға қайшы келіп, дұрыс нұсқауды табуға кедергі болуы мүмкін. Ол не себептен болады? Себебі біздің әр қайссымыздың маман ретінде өскен қоршаған ортамыз бар, оқыған оқуымыздың реті бар. Оның бәрі біздің ойлау, таңдау және шешім қабылдау қабілеттерімізге әсерін тигізеді.
Өзіміздің тәжірибемізге сүйеніп, біздер жұмысымызда күн сайын мыңдаған шешімдер қабылдап жүретініміз шын. Сол себептен алдымызға сұарақ келіп жатқан кезде біздер сұрақта келіп тұрған ситуацияны өзіміздің өмірге деген көз қарасымызға сүйеніп талдауға ұмтыламыз. Ал PMI әлемінің өзінің санасы, көз қарасы, құндылықтары, заңдары және салт пен дәстүрлері бар екенін біліп қойған абзал негізі. Яғни, біздің тіршілік етіп жүрген қоршаған ортамыз бен PMI әлемінің ортасында біраз айырмашылықтар болып қалуы әбден мүмкін. Оның бәрі неге алып келе алады? Осындай айырмашылықтардың себебінен сұрақтарды талдаған кезде ішкі конфликт болуы мүмкін. Мысалы, адамға сұрақтың дұрыс жауабы мүлдем ұнамауы мүмкін, өмірдегі құндылығы немесе пайдасы толықтай анық болмауы мүмкін, себебі ол кісінің мекемесінде сұрақтар мүлдем басқаша шешіледі.
Сол себептен, ұзын сөздің қысқасы - Егер РМР сертификация емтиханына дайындалып жатқан болсаңыз, БӨЛЕК PMI ӘЛЕМІНДЕГІ ЖОБА БАСШЫСЫНЫҢ БЕЙНЕСІН шығарып, соған бейімделуіңізге кеңес беремін. Өзіңіздің мекемеңіздің ұстанымдарын бөлек, PMI әлемінің ұстанымдарын бөлек ажырата талдам үйреніңіз…
Қорытынды
РМР, яғни жоба басқару саласына арналған емтихан, ең бірінші кезекте Сіздің әлемдік стандарттарды түсініп, талдау жасап, білімін түйіп, әр жобаның игілігіне пайдалана алатын қабілетіңізді сынайды. Сол себептен бір кең білімді түсіну жолы әр адамда әр түрлі болатынын айтып кеткен абзал болар. Ең бастысы түпкі мақсатыңызды пысықтап алыңыз, бір ұстаз бен, бір ресурспен жүрмеңіз: түрлі қағидалармен танысыңыз. Әріптестеіңізбен талдаңыз, және өз мекемеңіздігі үрдістермен салыстырып қорытындылар жасап отырыңыз. Күніне кем дегенде бір немесе екі сағат уақытын қиып, сабырмен дайындалған адам бұл емтиханды оңайымен тапсырады деген сенімдеміз.