Найти в Дзене

Англиядағы буржуазиялық революцияның басталуына - Қысқа парламенттің таратылуының әсері

Англия парламенті өзінің тарихын 1215 жылғы король "жерсіз"Иоанның "Ұлы еркіндік хартиясын" жариялаудан басталады. Бұл хартия негізінде король салықты кеңес шақыруынсыз енгізе алмады. 1265 жылы тұрақты түрде алғашқы парламент шақырылып, жұмыс істей бастады. Ағылшын парламенті екі палатадан тұрады 1637 жылы Ағылшын билігі Шотланд шіркеуінен - ағылшын шіркеуінің негізінен рәсім өткізуді талап етуі - үлкен наразылыққа тап болды. 1639-1640 жж. Англия мен Шотландия арасындағы соғыс басталды. Ағылшын короліне Шотландияда соғыс жүргізуге қаржы жетпеді. 1215 жылғы "жерсіз" Иоанның "Ұлы еркіндік хартиясы" негізінде король парламенттің шешімінсіз салық енгізе алмады. 1640 жылы Король І Карл парлментті шақыруға мәжбүр болды. Парламент үш апта жұмыс істеп - корольдің соғыс салығын енгізбеді. Қысқа парламент - корольге оппозиция болып, король әкімшілігіне түскен шағымдарды, халықаралық қатынастарды қарады. Король - қысқа парламент депутататтарының беделінің өсуінен қорқып, Шотландиямен соғысқа сал

Англия парламенті өзінің тарихын 1215 жылғы король "жерсіз"Иоанның "Ұлы еркіндік хартиясын" жариялаудан басталады. Бұл хартия негізінде король салықты кеңес шақыруынсыз енгізе алмады. 1265 жылы тұрақты түрде алғашқы парламент шақырылып, жұмыс істей бастады.

Ағылшын парламенті екі палатадан тұрады

  • Лордтар палатасы
  • Қауымдар палатасы

1637 жылы Ағылшын билігі Шотланд шіркеуінен - ағылшын шіркеуінің негізінен рәсім өткізуді талап етуі - үлкен наразылыққа тап болды.

1639-1640 жж. Англия мен Шотландия арасындағы соғыс басталды.

Ағылшын короліне Шотландияда соғыс жүргізуге қаржы жетпеді.

1215 жылғы "жерсіз" Иоанның "Ұлы еркіндік хартиясы" негізінде король парламенттің шешімінсіз салық енгізе алмады.

1640 жылы Король І Карл парлментті шақыруға мәжбүр болды.

Парламент үш апта жұмыс істеп - корольдің соғыс салығын енгізбеді.

Қысқа парламент - корольге оппозиция болып, король әкімшілігіне түскен шағымдарды, халықаралық қатынастарды қарады.

Король - қысқа парламент депутататтарының беделінің өсуінен қорқып, Шотландиямен соғысқа салық ендіре алмайтындығын түсініп, парламентті таратып жіберді.

Парламент - үш апта жұмыс істегеніне байланысты "қысқа парламент" деп аталды.

Король - парламентті 1640 жылы қайта шақырды. Бұл парламент көп жыл әрекет еткен соң - ұзақ парламент деп аталды. Бұл парламентте корольге оппозицияда болды

1640 жылы Англияда корольге қарсы наразылықтар басталды. Наразылықтар корольге қарсы революциялық сипат алды

1642 жылы наразылықтар қарулы сипат алып, Англияда - азамат соғысы басталды

Сурет ғаламтордан алынды