Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қазақ халқының 143 жылдық ұлт-азаттық көтерілісінің бірі - оңтүстіктегі Сырдария өзенінің Қуаңдария сағасын мекендейтін Алшын тайпасының Шекті руының биі, әрі көсемі 90 жасқа таяған Жаңқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс.
Көтеріліс - өзінің кішірек жерді алып жатқанымен және бір рудың жарты бөлігі ғана қатысқанымен ерекшеленеді. Әрине бұған көтеріліс басшысының 90 жасқа келіп қалғанында қосуға болады
Көтеріліс Ресей империясына қарсы бағытталған кезде Шекті руының Кіші Шекті тармағы ғана қатысқандығын баса айтқан жөн. Үлкен Шекті Есет батыр басшылығымен 1855-1858 жылы Ресей империясына қарсы көтеріліс болып, жеңіліс тауып, көтеріліс басшысы лажсыздан отарлық билікті мойындаған болатын.
Екіге бөлінген Шекті руы - екі географиялық аймақты мекендеп, екі түрлі шаруашылық жүргізген болатын. Үлкен Шектілік далалық жерді мекендеп - мал шаруашылығымен айналысса, Кіші Шектілер өзен бойын мекендеп, диқаншылықпен күн көрді.
Отырықшылыққа бейімді өмір сүрген Кіші Шектіліктер - салық жинауға келген Хиуа, Қоқан хандығын салық жинаушыларында, бекініс салушыларында мойындамады. ХІХ ғасырдың 30-50 жж. Кіші Шектіліктер Хиуа бекіністерін жойып, Қоқандықтармен соғыс жүргізді. ХІХ ғасырдың 40 ж. Кенесары Қасымұлы қозғалысын белсенді қолдады.
ХІХ ғасырдың 30 жылдарында - Хиуа жасақтарымен соғысқан, 40 -жылдарында - Қоқандықтармен соғысқан Шектілер, 1853 жылы Сырдария шебі құрылған кезде - Ресей империясының билігін мойындамаған болатын. 1857-1860 жылдары Жаңқожа Нұрмұхамедұлы басқарған Шектілер Ресей империясына қарсы көтеріліс бастады. 1860 жылы отаршылдардың Жаңқожа Нұрмұхамедұлы ауылын қоршап, көтеріліс басшысын өлтіріп, иелігін тонап кетуімен - көтеріліс аяқталды.
Көтерілістің ерекшелігі
- Бір рудың аумағында жүруі
- Көтеріліске егіншілердің қатысуы (көтеріліске қазақ егіншілері өгіз мініп қатысқандығыда айтылады)
- Көтеріліс басшысының 90 жасқа таяп қалғандығы
Бір рудың үш мемлекетпен соғыс жүргізуін - қайсарлық пен жанкештілік деп қабылдаған жөн шығар.
Көтеріліс басшысы Жаңқожа Нұрмұхамедұлы Ресей империясы ендіріп жатқан өзгерістерге қарсы шығып, отаршыл билік тарапынан беріліп жатқан шеннен, ақшадан бас тартқан болатын.
Қазіргі кезде 90 жастағы адамның өзге мемлекетпен соғысып жатуын елестету қиындау. Бәлкім заман басқа болар.
Бірақ Жаңқожа Нұрмұхамедұлының елі жәйлі қажырлығы құрметке лайықты. Жаңқожа Нұрмұхамедұлының ерлігіне сүйсінген ұрпақ "Жаңқожа батыр" жырын шығарды. Жаңқожа батырдың ерліктері әлі күнге ел жадында
Сурет ғаламтордан алынды