ХІХ ғасырдың бас кезінде Италия бытыраңқы және бірнеше мемлекеттердің құрамындағы италияндықтар тұратын жер болды. Италияндықтар тұратын жерлерді бір мемлекетке біріктіру ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап өзекті бола бастады. Италияны біріктірудің бірнеше жолдары пайда болды. Жоғарыдан біріктірушілер ірі Италияндық мемлекеттер Пьемонт графтығына не Папа облысына сүйенуге тырысты. Төменнен біріктірушілер Италияны революция арқылы біріктіруді көздеді. Екі ағымда Италияндықтар тұратын Австро-Венгрия, Франция мемлекеттері иемденіп отырған жерлер үшін соғысуды көздеді. Төменнен біріктірудің жолын Генуяда туған дәрігер Джузеппе Мадзини негіздеді. Ол Италияны біріктіруді төменнен жүзеге асыру үшін "Жас Италия" құпия ұйымын құрып, елді біріктірудің жолын негіздеді. Джузеппе Мадзини Италияны Республикалық басқарушы жолында біріктіргісі келді. Осы мақсатпен бірнеше сәтсіз көтерілістер ұйымдастырды. Джузеппе Гарибальдиге ақшалай қолдау көрсетті. Тіпті Гарибальди "мыңдығының" қатарында болды. Итал
Джузеппе Мадзинидің Италияны біріктіруді көздеген "Жас Италия"ұйымы
16 декабря 202316 дек 2023
3
1 мин