Найти тему

17 - желтоқсан "Демократиялық жаңару күні"

Бұл күн 1986 жылғы КСРО ОК Қазақ КСР партия басшылығын ауыстыруда біржақты шешіміне байланысты 16,17,18 күндердегі Алматы, кейін басқа қалаларда өткен халық наразылығын және қазақ тапқан азаматтарды еске алуға ойластырылған күн.

Бұл датаны Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 12 желтоқсанда "1986 жылдың 17-18 желтоқсанында жауапқа тартылған азаматтарды ақтау" туралы жарлық шығара отырып - 17 желтоқсан күнін - "демократиялық күні" деп белгілеген.

1986 желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу жыл сайын Республикалың орта мектептерінде, жоғарғы оқу орындарында - кездесулер түрінде өткізіліп, Алматыдағы Тәуелсіздік алаңы мен "Тәуелсіздік таңы" ескерткіштеріне гүлшоқтарын қоюымен жалғасып жатады.

Қазақстан Республикасы азаматтары өз әрекеттерімен Тәуелсіздікті жақындатуға тырысқан, Кеңестік тоталитаризмге қарсы шыққан азаматтардың ерлігін ұмытпайды.

Сурет ғаламтордан алынды