Қазақ халқында - әйел адам қырық шырақшы деген сөз тіркесі жиі кездеседі. Бұл тіркестің мағынасын біреу білсе, біреу біле бермейді. Иә, қазақ халқыда көршілес халықтар секілді шырақ жағады. Бірақ орыс халқы секілді мнәжат орында емес (шіркеуде) емес үйінде жағады. Тіпті "жаққаным - шырақ, мінгенім пырақ" болсын деп тілек айтып жатады. "Жаққаның шырақ, мінгенің пырақ" болсын деп батада беріп жатады. Қазақ - шырағым деп баласында айтады. Менен кейін шырақ жағар ұрпағым болсын дұға тілек тілеп жатады. Қайтыс болған адамның үйінің шырағын жетісін, қырқын, жүзін бергенше тұрған бөлмесінің шырағын сөндірмейді. Тіпті қазақта шырақшы деген әулие-әнбилердің қайтыс болған жерін күзетіп, қорғап, әулие адаммен мистикалық байланысқа түсіп жүретін адамдар бар. Бұл адамдар өз жолдарын өздері таңдап, әулие мен зиярат етуші адамдарды мейлінше байланыстыруға тырысады.
Әлбетте, қазақтың шырағы - еуропалық не қытайлық, жапондық балауыз болмағаны анық. Қазақтың шырағы - май шаммен жағылған. "Әйел адам - қырық шырақты" дегеніміз - уайымдайтыны көп, тілейтіні, тілекшісі көп дегенді білдіреді. "Әйел адам - қырық шырақшы, бірі сөнсе - бірі жанады" дейді - яғни жанашыры көп. Бірі ісі өнбесе - келесі ісі өнеді дейді. Сондықтанда, қыз баласына, әйел адамдарға құрметіміз көп болсын. Қазақтың тәмсіл сөздерін түсіне жүрейік.
Сурет ғаламтордан алынды